Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жариял...

Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жариялады

Әлеумет 30.01.2023, 09:42 1,061
Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жариялады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

ҚазҰАЗУ студенттері жеке меншікке өтіп кеткен оқу ғимараттарын қайтару мәселесін көтерді.


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының студент жастармен кездесуінде алғаш рет жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі ашық алаңда талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Біздің бүгінгі мақсатымыз – оқытушылар мен студенттер арасында қандай да бір сыбайластық көріністерінің болуына жол бермеу, жастарды жемқорлыққа төзбеуге шақыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, сол арқылы оқу процесінің сапасын көтеруге ықпал ету. Осыған байланысты, университет басшылығы мен студенттер арасында әріптестік сенімді байланыс орнату үшін өздеріңізбен ашық диалогқа келіп отырмын», - деді өз сөзінде Ақылбек Қажығұлұлы.



Иә, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыбайластық пен жең ұшынан жалғасу – бұлар  өзара қабыспайтын, мүлдем кереғар ұғымдар екені белгілі. Неге десеңіз, елге ертең қызмет ететін болашақ мамандарды тәрбиелеп, даярлайтын саналы оқытушыларды жемқор ретінде елестетудің өзі қиын.



Өкінішке қарай, кездесу барысында сөйлеген студенттер университет өмірінде  пара сұрауға бейім жандар ұшырасатынын, сабаққа келмесе де жоғары балл алатын білім алушылардың аз еместігін, грант бөлуде кейбір оқытушылардың қысастық жасайтынын жасырмай ортаға салды. Сыбайлас жемқорлық фактілері мынандай жағдайда: студенттер сабақтан қалғанда, аралық бақылауды немесе пәндік жұмыстарды қолмен жазып тапсыру кезінде, емтихандарды қайта тапсыру, курстық жұмыстар қорғау сәттерінде мұғаліммен бетпе-бет қалғанда жиі кездесетіні атап өтілді. Студенттер сыбайлас жемқорлықтың біраз нақты фактілерін атап өтті.


Сонымен қатар, студенттер кезінде жеке меншікке өтіп кеткен университеттің оқу ғимараттарын, студенттік жатақхананы, стадионды, жер учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтерді.


Өздерімен осындай ашық алаңды ұйымдастырған университет басшылығына ризашылықтарын білдірген студенттердің ой-пікрлері мен ұсыныстарын тыңдай келе, Ақылбек Күрішбаев олардың сауалдарына жауаптар қайтарды. Сонымен бірге, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы ашықтық пен өзара сенім мен байланыстарды одан ары нығайту мақсатында проректорлар мен тиісті құрылым басшыларына нақты тапсырмалар берді.



«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін Әділетті Қазақстанды құру» деген сөзді ұдайы айтып келеді. Жемқорлықсыз әділетті университет құру – біздің де түпкі мақсатымыз. Бүгінгідей өзара сенімге негізделген шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың негізі болып табылады. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы университет Бағдарламасын қабылдайтын боламыз», - деді сөзінің қорытындысында Ақылбек Қажығұлұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жемқорлық #Студент #меншік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15

Марқұм Нұрай Серікбайдың ісі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Бүгін 12:13

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика