AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Спортшылардың аналарына құрмет көрсетілді

Спортшылардың аналарына құрмет көрсетілді

Спорт 07.03.2024, 13:10 1,280 Almaty-akshamy.kz. 
Спортшылардың аналарына құрмет көрсетілді
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Туризм және спорт министрлігі спортшылардың аналарын шуақты мерекемен құттықтады.


Ведомство басшысы Ермек Маржықпаев ел абыройын әлемдік аренада лайықты қорғап жүрген азаматтарды тәрбиелегені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.




«Әрбір адамның өмірінде ананың орны бөлек. Спортшылар да анаға арқа сүйейді. Балаларын жаттығуға да апаратын, рухани қолдау көрсететін де аналар. Сондықтан спортшының анасы болу – үлкен еңбек және мамандық деп те айтуға болады. Сіздердің бала тәрбиесіндегі рөліңізді сөзбен жеткізу қиын және сіздер де спортшылар сияқты кез келген құрмет пен марапатқа лайықсыздар. Өйткені балаларыңыз биік шыңды бағындыру үшін көп нәрсені құрбан еттіңіздер, дегенмен, соның өтеуі ретіде бүгінде осындай керемет мақтаныш пен қуанышқа бөленіп отырсыздар. Ана – кез келген спортшының ең бірінші жанкүйері, ең жақын досы, адал тәлімгері және, әрине, ең қымбат адамы. Қамқорлық пен тәрбиенің, балаңыздың қабілетіне деген сенімнің арқасында сіздер нағыз чемпиондарды өсіре алдыңыздар. Баршаңызды көктемнің осы бір шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - деді Ермек Маржықпаев.



Кездесу барысында Туризм және спорт министрі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың шахматтан Халықаралық Гроссмейстер Сәдуақасова Динараны құттықтау хатын анасы Өтешова Орал Махметқызына табыстады. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан құрметті меймандарға алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды. Өз кезегінде, аналар ризашылығын білдіріп, еліміздегі барша әйел қауымын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ спортшыларымыз халықаралық байрақты бәсекелердегі өнерімен тек өз ата-аналарын ғана емес, еліміздің барша жанкүйерін қуантуға тілектес екендігін жеткізді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мереке #8 наурыз #спортшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Бүгін 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін 18:28

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);