конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Спортшыға бұдан былай 10 жыл стаж жетеді

Спортшыға бұдан былай 10 жыл стаж жетеді

Спорт 20.07.2023, 04:50 1,262
Спортшыға бұдан былай 10 жыл стаж жетеді
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

 Өмір бойына берілетін төлемді тағайындау кезінде талап етілетін спортшының еңбек өтілі өзгерді. 


Қазір ол 20 жыл болса, енді бұл мерзім 10 жылға дейін қысқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары мен олардың жаттықтырушылары үшін өмір бойы ай сайынғы төлем беру көзделген. Сонымен қатар, спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына қойылатын талаптардың бірі - 20 жылдық еңбек өтілі. Алайда, талаптарды нақтылау мақсатында ҚР азаматтары саналатын спортшылар мен олардың жаттықтырушылары үшін еңбек өтілінің барлық кезеңі Қазақстан аумағында есептелген болуы тиіс деген толықтыру енгізу қажет» делінген Мәдениет және спорт министрлігі жарияланған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.



Сонымен қатар, ведомство жоғары жетістікке жеткен спортшылар үшін еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға дейін қысқартуды ұсынып отыр.



«Қазақстандық спортшыларды ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандыру мақсатында спортшылар үшін Қазақстан аумағында дене шынықтыру және спорт саласында еңбек өтілінің болуы туралы талапты 10 жылға дейін төмендете отырып, қайта қарау ұсынылады. Сонымен қоса, спорттық нәтижелерді талдау нәтижесі шахматта жоғарыда аталған спорт түрлеріне ұқсас бәсеке өте үлкен екенін көрсетті. Осыған байланысты спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын зияткерлік спорт түрлері бойынша материалдық қамтамасыз ету Қазақстанның зияткер ұлтын қалыптастыруға ынталандырады», - делінген Асхат Оралов жетекшілік етіп отырған ведоствоның мәселелері көрсетілген реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #10 жыл стаж #өмір бойғы төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда электр және жылумен жабдықтау саласында 393 жоба іске асырылуда

Бүгін 13:33

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД волонтерлерінің алғашқы форумына қатысушыларды құттықтады

Бүгін 12:51

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:46

Елімізде латын әліпбиіндегі маңдайшаларды ілуге уақытша тыйым салынды

Бүгін 12:09

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады

Бүгін 11:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);