AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Спорт саласында жүйелі жемқорлық  тәуекелдері аны...

Спорт саласында жүйелі жемқорлық  тәуекелдері анықталды

Заң мен тəртіп 03.04.2024, 14:41 992
Спорт саласында жүйелі жемқорлық   тәуекелдері анықталды
Сурет: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Агенттік Төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz


Мәжіліс жұмысына Агенттік Төрағасы А. Жұмағалимен бірге Туризм және спорт министрі Е.Б. Маржықпаев, Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Г.Г. Головкин, Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек, қаржы және цифрландыру вице-министрлері, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, қоғам қайраткерлері, орталық және өңірлік мемлекеттік органдар қатысты.


Елімізде спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалуына әкеп соқтыратын елеулі жемқорлық тәуекелдері мен факторларының болуын көрсеткен сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.


Агенттік ағымдағы жылдың басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеді.


Бейінді министрлік ішіндегі жемқорлықтың ауқымы қазіргі уақытта бұрынғы вице-министр, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Спортты дамыту дирекциясының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуына әкелді.


Ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту мәселелеріне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөледі.


Тек соңғы 6 жылда осы саладағы бюджет 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. 


Алайда, Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеуде.


Осы сала бюджетінің 90%-ы жұмсалатын «жоғары жетістіктер» және «бұқаралық» спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады.


Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым. 


«Қаржыландырудағы диспропорция жемқорлық схемаларына негіз болды. Егер бұқаралық спортта қазір цифрландырылған жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істеп тұрса, онда жоғары жетістіктер спортында ашық емес және субъективті төлемдер, аз бақылау, аффилирленген қатысушылар, жалған оқу-жаттығулар және қосарланған қаржыландыруға жағдай жасалған», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.


Спорттық процестерде цифрландырудың болмауы жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қаражаттардың жымқырылуына қолайлы.


Екі жыл бұрын жоспарланған «Е-sport» ақпараттық жүйесі осы уақытқа дейін іске қосылған жоқ. «Спорт шеберлері» жалған атақтарын беру фактілері анықталды.


Мәжілісте Қазақстандағы спортшыларды натурализациялау, кәсіби клубтардың бюджеттерін қалыптастыру және легионерлерге төлемдерді қаржыландыру мәселелері талқыланды. 


Ел Президентінің бюджет пен жалақы мөлшерін шектеу жөніндегі тапсырмасына қарамастан, еліміздің футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жыл ішінде 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі.


Сонымен қатар, өзінің спорттық инфрақұрылымын дамытудың орнына бюджет қаражаты легионерлерге төлем жасауға және спорт нысандарын жалға алуға жұмсалды.


Талдау қорытындысы бойынша Агенттік салалық министрліктің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізді.


Ведомстволық бақылауды күшейту және дискрециялық өкілеттіктерді қысқарту, қаражатты бөлу процестерін нақты нормативтік және құқықтық регламенттеуді белгілеу және бұзушылықтар үшін жауапкершілікті дербестендіру, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформа құру туралы сұрақтар қойылды.


Өз сөзінде Туризм және спорт министрі Е.Б. Маржықпаев мемлекеттік органның қазіргі уақытта ұйымдық-құқықтық шаралар кешенін қабылдағаны туралы хабардар етіп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша барлық ұсынымдардың міндетті түрде орындалатындығын айтты.


Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Г. Головкин: «Менің ұстанымым біржақты және менің спорттық мансабым да өзгеріссіз қалады – жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, оның кез келген көріністеріне қатаң шаралар қолдану қажет», - деп атап өтті.


Кеңес қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы уәкілетті органдарды елдегі спортты дамыту жөніндегі тікелей міндеттерді мүлтіксіз орындауға шақырды және жемқорлық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу туралы ескертті.


Сөз соңында А. Жұмағали қазақстандық спортшыларға алдағы олимпиадада табыс тіледі.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Жемқорлық #антикор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15

Өтің ауырмасын десең...

Бүгін 11:05

Көлік министрлігі ақылы жолдарда төлем жасау ережелерін жеңілдетті

Бүгін 10:53

«Дүкеннен сатып алатын көңіл-күй»: шопоголизмнің жасырын қаупі

Бүгін 10:23

Алматылықтар отбасының қандай маңызы барын айтып берді

Бүгін 10:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика