Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / Сотталған жасөспірімдер балалар күнінде ата-аналар...

Сотталған жасөспірімдер балалар күнінде ата-аналарымен қауышты

Балалар жылы 02.06.2022, 02:20 2,249
Сотталған жасөспірімдер балалар күнінде ата-аналарымен қауышты
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Колонияда 63 бала жазасын өтеп жатыр


Алматы қаласындағы балалар колониясында жазасын өтеп жүрген жасөспірімдердің асыға күтетін мерекелерінің бірі – Балалар күні, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталған колонияда мемлекеттік мерекелердің барлығы да аталып өткенмен, балалар үшін 1 маусымдағы мерекенің орны ерекше. Өйткені бұл күні олар сағынып жүрген ата-аналарымен, туыстарымен жүздеседі. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мекеме қызметкерлері Балалар мерекесінде «Ашық есік» күнін өткізді.


Республикадағы қылмыс жасаған балалар жазасын өтейтін жалғыз колонияда қазіргі таңда 63 бала ұсталуда. Оның ішінде 49 бала аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, 14 бала ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. 



Ойнақтап жүріп от басқан жасөспірімдердің бүгінгі жанашыры да, ата-анасының орнындағы қамқоршылары да – мекеме қызметкерлері. Жазалы жасөспірімдерге арналған мерекені ашқан Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы Мадияр Серікұлы Конканов аталған мерекенің тарихы мен маңызына тоқталып, балаларды төл мерекелерімен құттықтады. 



«2022 жылды Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев Балалар жылы деп жариялап, олардың сапалы білім алып, егеменді елімізге қажетті мамандық иесі болып шығуларына баса назар аударуда. Сондықтан сендердің еркін өмірге тезірек араласып, өздеріңнің аңсаған мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспіз»-деді М.Конканов.



«Ашық есік» күні жасөспірімдер өздеріне арналған мерекелік концертті ата-аналарымен, бауырларымен бірге тамашалады. 
Сонымен қатар жазалы балалар мен олардың ата-аналары мереке күні спорттық жарыстарға да бірге қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынасты. Спорттық жарыстарда белсенділік танытқан командаларға арнайы сыйлықтар тапсырылды.


Балалар мерекесінің соңында сотталған балалар ата-аналарымен бірге мерекелік дастарқанда бас қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колония #Балалар күні #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Кеше 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Кеше 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Кеше 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Кеше 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Кеше 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика