Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сот қызметкерлері 23 литр қан тапсырды

Сот қызметкерлері 23 литр қан тапсырды

Әлеумет 31.05.2023, 08:46 1,526
Сот қызметкерлері 23 литр қан тапсырды
almaty-akshamy.kz

1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні


 


Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,  Алматы қаласы Қалалық қан орталығына келіп қан тапсырған Қазақстан Республикасы  Алматы қаласы бойынша сот әкімшілігі департаментінің сот қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерінің  өңірлеріне Орталық басшылығы   «Мен қан донорымын»  төсбелгісін тақты.


Алматы  қалалық Қан орталығының «Қан тапсырып, өмірге үміт сыйла!» деген үндеуін көзі шалған департамент басшылығы өз қызметкерлеріне  қан тапсыру жөнінде ұсыныс білдірген болатын,  бұл бастамаға бірден елуден астам қызметкер қолдау білдіріп,  қан тапсыруға  келісімдерін беріпті.



– Өмір болған соң түрлі жағдайлар болады ғой,   бір адам ауыр жол апатына түссе, перзентханада өмірге адам әкелемін деп көп қан жоғалтқан қаншама  ана қанға мұқтаж болып жатыр,  денсаулығы мен өмірі қанға тәуелді қаншама балалар мен  науқас жандар бар,  сол себепті қан тапсырып, адамға өмір сыйлау  әр адамның азаматтық борышы деп ойлаймын.  Қан тапсырғандардың қатарында   департаменттің сот қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілері  және  судьяларымен  бірге  аудандық соттың басшылары мен қызметкерлері де бар. Бүгін қан беруге  келген әріптестерімнің   бұл қадамдарын үлкен адамгершілік пен қайырымдылық іс деп бағалаймын, – дейді қызметкерлерін осы сауапты  іске бастап келген  Алматы қаласы бойынша сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары  Абай Ғалымжанұлы Жарылқасын.



Қан орталығының дәрігерлері мен зертхана қызметкерлерінің  қатаң тексерулерінен өткен  департаменттің   50  қызметкері Қан дайындау бөлімінің қан және оның компоненттерін дайындау блогында    қан тапсырып,  адамға өмір сүру  үмітін сыйлау парыздарын өтеді.  Департмент басшылығының бастамасын қуана қолдаған Қалалық қан орталығының директоры, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Жандос Нәдіров  сот қызметкерлеріне алғыс білдіріп, оларды Орталықтың ең құрметті марапаты «Мен қан донорымын» деген төсбелгісімен марапаттады.  Жандос Қуанышбекұлы, қан доноры болуға ниет білдірушілердің қатары жыл санап өсіп келе жатқанын жеткізіп,  департменттің бұл бастамасына өзгелердің де қолдайтынына сенім білдірді. Өйткені, жақсы бастама қашанда өз жалғасын табады.



Департмент қызметкерлері тек  айтулы күндерде ғана емес, қайырымдылық шараларын өздерінің әлеуметтік бағыттарына айналдырып, мейірімділік пен қайырымдылық қажет жерден табылып жүреді.  Олар қаламыздағы жетім  сәбилерге арналған Сәбилер үйін қамқорлықтарына алған.  Қала өмірінде өтетін спорттық және  пен мәдени іс шараларда да  департменттің қыз -жігіттері  алдыңғы қатардан көрініп  келеді.  Ал департамент қызметкерелері берген жиырма үш литр қан қаншама адамның өмірін құтқаруға септігін тигізеді десеңізші!!!  


Мұндайда  жарайсыңдар, жақсы істерің жалғасты болсын дейсің.


 Нұржамал БАЙСАҚАЛОВА.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сотқызметкер #донор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика