Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Соңғы үш жылда Алматы экономикасы 20,7%-ға өсті

Соңғы үш жылда Алматы экономикасы 20,7%-ға өсті

Экономика 24.05.2025, 11:42 653
Соңғы үш жылда Алматы экономикасы  20,7%-ға өсті
gov.kz

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

2024 жылы Алматы экономикасы 2021 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 56,6%-ға артып, 27 557 АҚШ долларына жетті (2021 жылы – 17 595 АҚШ доллары).

Алматы Қазақстанның инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап отыр. 2022–2024 жылдар аралығында қала экономикасына негізгі капиталға шамамен 5,2 трлн теңге инвестиция тартылып, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 52,4%-ға артқан.

Шағын және орта бизнес (ШОБ) Алматының экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесі 2021 жылғы 47,5%-дан 2024 жылы 60,3%-ға дейін өсті.

ШОБ секторы жұмыспен қамтудың басты көзі болып қала береді – мұнда қаладағы жұмыспен қамтылған халықтың 90%-ы немесе 972,1 мың адам жұмыс істейді.

2025 жылы алғаш рет Алматы қаласының бюджеты 2,4 трлн теңгеден асты. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,3 есе жоғары (2022 жылы – 1 070 млрд теңге).

Даму бюджеті 622 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 2022 жылмен салыстырғанда 2,9 есеге артты (2022 жылы – 213 млрд теңге).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бизнес #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет 

Бүгін 15:52

Тоқаев "Русская медная компания" негізін қалаушысын қабылдады

Бүгін 15:36

Олжас Бектенов геологиялық барлауға отандық технологияларды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды

Бүгін 15:34

Дәрігерлер бірден байқалатын қатерлі ісік белгілерін атады

Бүгін 15:16

Air Astana жергілікті жеткізушілердің дамуын қолдайды

Бүгін 14:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика