AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Сингапур тәжірибесі – алматылық мұғалімдерге жаңа...

Сингапур тәжірибесі – алматылық мұғалімдерге жаңа серпін береді

Білім және ғылым 15.04.2025, 20:52 944 Bakyt
Сингапур тәжірибесі – алматылық мұғалімдерге жаңа серпін береді
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы (ҚБЖТҒӘО) шет елдегі тағылымдамалар арқылы педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға айрықша мән беріп келеді. Аталған орталықтың директоры Дәурен Сағынғалиев мұғалімдердің Сингапур еліндегі тағылымдамасының қорытындысымен бөлісіп, халықаралық ынтымақтастықтың отандық білім беру жүйесіне ықпалын атап өтті.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айында қала мектептерінің 63 информатика пәні мұғалімі Сингапурде тағылымдамадан өтті. Бұл іссапардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, робототехника, бағдарламалау, жасанды интеллект пен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемелерін меңгеру және оларды Алматы қаласының білім беру жүйесіне бейімдеу.

Тағылымдама аясында педагогтер халықаралық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, оқытудың инновациялық тәсілдерін, ІТ құралдармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Оқу бағдарламасы цифрлық сауаттылықты арттыруға, жеке білім траекторияларын қалыптастыруға, ІТ жобаларды ұйымдастыру және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, мұғалімдер ІТ саласындағы этика мен жауапкершілік, үздіксіз кәсіби даму ұғымдарын терең меңгерді.

Тағылымдама аяқталғаннан кейін ҚБЖТҒӘО қаланың 216 мектебінде Сингапур тәжірибесін тарату мақсатында ауқымды семинарлар ұйымдастырды. Бұл шараларға 1000-нан астам информатика пәні мұғалімі қатысты. Семинарлар барысында қатысушыларға АКТ мен жасанды интеллектті білім беру процесіне тиімді енгізу, оқушылардың сыни ойлауын дамыту, практикалық дағдыларын қалыптастыру жолдары ұсынылды. Сонымен қатар Python бағдарламалау тілі бойынша шеберлік сабақтар өткізіліп, нақты мысалдар мен кейстер негізінде тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Бұған қоса, 2023 жылдың қазан айында ҚБЖТҒӘО-ның оқу жұмысы жөніндегі бөлімінің әдіскерлері физика, химия, биология және география пәндерінің 2500-ден астам мұғаліміне арналған оқыту семинарларын ұйымдастырды. Семинарлар Сингапурде тағылымдамадан өткен педагог-тренерлердің жетекшілігімен өтті. Онда зерттеуге негізделген оқыту, пәндік-ғылыми сауаттылықты дамыту, оқушылардың зертханалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, заманауи оқу құралдары мен цифрлық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылды.

Сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, семинарларға қатысқан мұғалімдердің 83%-ы оқу үдерісінен жоғары қанағаттанушылық білдіріп, семинарларды өз жұмыс тәжірибесінде қолдануға дайын екендерін жеткізген.

Қалалық әдістемелік орталықтың директоры Дәурен Сағынғалиевтің айтуынша, бұл тәжірибелер алматылық мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, қала мектептерінде білім сапасын арттыруға бағытталған нақты әрі нәтижелі қадам болды. Орталық алдағы уақытта да халықаралық тағылымдамалар мен заманауи педагогикалық тәжірибелерді жергілікті жүйеге ендіру жұмыстарын жалғастырмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #мұғалім #сингапур #тәжірибе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);