ffin.kz

Цифрлық теңгенің мәртебесі қандай болады?

Цифрлық теңгенің мәртебесі қандай болады? stopfake.kz

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылары сәуірден бастап барлығын цифрлық ақшаға мәжбүрлеп ауыстыратыны туралы видеоны қызу талқылауда. Осылайша Орталық банк адамдардың бүкіл шоттарын, транзакцияларды толықтай бақылап, оларды өз еркіне бағындыра алады деген жалған ақпарат таруда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz stopfake.kz сілтеме жасап.


Таралған роликте назар аударарлық бірінші нәрсе – бұл мерзім. Автор жылын атамайды, демек, қай жылдың 1 сәуірі екені белгісіз. Бұл жағдайдың 2023 жылы орын алмағаны анық. Ал 2024 жылы бола ма? Анықтайық.


Цифрлық ақшаға келсек, автор Ұлттық банктің цифрлық валютасы жайлы айтып отыр. Бұл – белгілі бір елдің орталық банкі шығаратын, ресми мемлекеттік валютаның бағамына тең және онымен тең пайдаланылатын цифрлық ақша түрі. Қазақстанда бұл – цифрлық теңге. 


Елімізде оны енгізу жобасы 2021 жылы басталды. 2023 жылдың соңына қарай азаматтардың кейбір санаттары цифрлық теңгені пайдалана алады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, осы валютада пилоттық жобаға қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік сатып алуларға қатысу бойынша төлемдер мен әлеуметтік жәрдемақылар төлеу көзделген. 


Алайда, бұл цифрлық ақшаға жаппай және мәжбүрлі түрде ауысудың белгісі емес. Цифрлық теңге қолма-қол ақшамен, монеталармен және банкноттармен, сондай-ақ банктік шоттардағы қолма-қол ақшасыз ақшамен қатар ұлттық валютаның үшінші нысанға айналмақ. Сонымен қатар цифрлық теңгені қолма-қол ақшаға немесе қолма-қол ақшасыз ақшаға айырбастау оңай болады. Ал цифрлық теңгедегі шоттарға пайыздық сыйақы төленеді.



Цифрлық валютадағы барлық шоттар Орталық банктің бақылауында, ал әрбір транзакция қадағаланады деген пікірлер жалған. ҚР Ұлттық банкінің сайтында цифрлық валютадағы төлемдер ҚР заңнамасына сәйкес төлем қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі барлық нормаларға сәйкес келетіні айтылған.



Демек, таралған ақпарат жалған. Қазақстанда цифрлық ақшаға жаппай мәжбүрлі түрде көшу қарастырылмаған.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05