ffin.kz

Цифрлық теңге 2022 жылы енгізілмек

Цифрлық теңге 2022 жылы енгізілмек Сурет: Kapital.kz

Қазақстанда цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жобаның бірінші кезеңі аяқталды


Еліміздің Ұлттық банкінің мәліметінше, бұл – қолма-қол және төлем түрінде есеп айырысатын ақшамен қатар жүретін үшінші төлем түрі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сарапшылар Цифрлық теңге дәстүрлі қаржы институттарының қатысуынсыз күрделі операцияларды жылдам орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар олар интернетке қосылусыз төлем жасай алады. Бұл – оның басты ерекшеліктерінің бірі.



«Цифрлық теңге» деп жатқанымыз жаңалық емес. Қазақстан қазір әртүрлі нұсқаларды қарастыруда. Бұл – бір-екі жыл бұрын басталған тәжірибе. Әлемдегі көптеген орталық банк, соның ішінде Қытайды айтсақ болады. Бүгінде аталмыш ел цифрлық юаньды қолдануда өте белсенді. Бұл бастаманың барлығы әлем криптовалюталардың не екенін шынымен тани бастағаннан бері қолға алынды. Біздің цифрлық теңге жағдайында оның резервтік көшірмесі толығымен Ұлттық банкте болады. Яғни бұл мәселеге және оның жұмыс істеуіне Ұлттық банк кепілдік береді. Осыған байланысты жоғары сенімділікке ие. Цифрлық теңгенің өзгелерден ең басты айырмашылығы криптовалюталарды жасайтын платформаға ұқсас жаңа технологияға негізделген», - «Tengenomika» телеграм-каналының авторы, сарапшы Ғалымжан Айтқазин.



Ұлттық банктің зерттеуіне сәйкес, цифрлық теңгені пайдаланушы смартфондағы цифрлы әмиянда сақтауға болады.



«Барлық цифрлық әмиян Қазақстанның орталық банкінде, яғни Ұлттық банкте сақталады. Сонымен қатар барлық транзакция Ұлттық банкте жүзеге асырылады. Яғни банктер өзара ақпарат алмаса алмайды. Ақпарат тек орталық банктің ішінде жүргізіледі. Бұл – базалық ерекшеліктің бір түрі. Теориялық тұрғыда, егер қандай да бір алаяқтық транзакциялар жасалса, оны тез зерттеуге мүмкіндік бар», - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қаржылық технологиялар секторының директоры Константин Пак.



ЕАЭО аумағында цифрлық валюталарды дамытудың маңыздылығын Еуразиялық даму банкінің сарапшылары атап өтуде. Оларды жүзеге асыру трансшекаралық төлемдерді жүзеге асыру шығындарын азайтып, Еуразиялық Одақ аймағындағы өзара сауданы ынталандырады.



«Цифрлық теңге негізінен барлық цифрлық валютаға тән артықшылықтарды алады деп айта аламыз. Коммерциялық банктер орталық банк пен клиент арасындағы үрдістен шеттетілетіндіктен, кәсіпорындар төлем транзакцияларын жүзеге асыруда жылдамырақ болады, шығындар азаяды, ал мемлекет смарт-келісімшарт технологиясының арқасында бюджет шығыстарының бағытын бақылай алады», -  Еуразиялық даму банкі интеграциялық зерттеу орталығының басшысы Антон Малахов.



Сонымен қатар сарапшылар бұл төлем құралының ықтимал тәуекелдері туралы ұмытпау керек екенін атап өтті. Ұлттық банк цифрлық теңгенің ақша-несие саясатына қалай әсер ететінін зерттеп жатыр. Оны жүзеге асыру туралы түпкілікті шешім 2022 жылдың соңында жан-жақты зерттелгеннен кейін қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04