AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Шыңырау» көркем фильмі шетелдік кинофестивальге...

«Шыңырау» көркем фильмі шетелдік кинофестивальге қатыспақ

Не? Қайда? Қашан? 17.09.2021, 05:10 1,777
«Шыңырау»  көркем фильмі шетелдік кинофестивальге қатыспақ
Сурет: Fainaidea.com

Аңыз тұлға Әбіш Кекілбаевтың шығармасына фильм түсірілді


«Қазақфильм» киностудиясының дерегінше, режиссер Жаңабек Жетіруов түсірген «Шыңырау» көркем фильмі Ресейде өтетін XXVII Халықаралық «Әдебиет және кино» атты кинофестивальдің негізгі байқауына қатысады, Almaty-akshamy.kz.


Гатчина қаласында қыркүйектің 24-і мен қазанның 2-сі аралығында өтетін фестиваль шеңберінде әдеби негізі бар, жазушылардың шығармалары желісімен түсірілген кинотуындылар ғана көрсетілетінін айта кеткен жөн.  


Естеріңізге сала кетсек, Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән құбылыстарды көтереді.



«Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісімен түсірілген фильм дүние жүзіне есімдері белгілі  Толстой, Чехов, Достоевский, Кафка сияқты ұлы жазушылардың шығармасы бойынша түсірілген фильмдермен бір конкурстық бағдарламада көрсетілетініне қуаныштымын», - деді режиссер Жаңабек Жетіруов.



Сондай-ақ «Әдебиет және кино» кинофестивалі ең алғаш 27 жыл бұрын 1995 жылы Гатчина қаласында өткен болатын. Фестиваль шеңберінде жыл сайын ресейлік және әлемдік жаңа фильмдер көрсетіледі.


Қыркүйектің 24-де аталған фестиваль Алексей Тельновтың «Архипелаг» фильмімен ашылады. Негізгі байқауға барлығы 24 туынды қатысады.


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» көркем фильмі қыркүйектің 28-і күні сағат 19:00-де «Победа» киноконцерт залында (Гатчина қ-сы,  25-ші Октябрь көш., 5 үй) көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақфильм #Кино #көркем #фильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Кеше 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Кеше 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Кеше 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Кеше 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Кеше 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика