Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шынайы ықылас – табыстың нағыз серігі

Шынайы ықылас – табыстың нағыз серігі

Әлеумет 14.07.2025, 10:53 730
Шынайы ықылас – табыстың нағыз серігі
Сурет: видеодан скрин

Осыдан біраз уақыт бұрын жұмысқа бару деген сіз үшін тойға барумен пара-пар еді. Сол үшін әдемі киініп, ерекше дайындалатынсыз. Ал, қазір... Қазір жұмыс десе алға басқан аяғыңыз кері кетіп, жүйкеңіз сыр беріп жүр. Мұның себебі неде? Кеше жанға қуаныш сыйлаған кәсіп бүгін неге көңіліңізді жабырқатады?

 Бастапқыда жұмыстағы жағдайдың  бәрі сізге қызық болатын. Ерекше құлшынып, жетістікке жету үшін алға ұмтылатын едіңіз. Уақыт өтті. Кеше асығып жететін, жанталаса кірісетін шаруалардың барлығы бүгінде қарапайым тірлікке  айналған. Мұндай жағдайды мамандар карьералық тұйыққа тірелу немесе күйзелістің басталуы деп бағалайды. Егер мұндай жағдайды өзіңізден байқасаңыз, онда тығырықтан шығатын жолды тезірек іздегеніңіз дұрыс.

Жұмысқа деген ықыласыңыздың жоғалғанын байқадыңыз ба, онда арқаны кеңге созып жүре берудің керегі жоқ. Бірден демалыс алыңыз. Киім-кешегіңізді жинаңыз да бірден  демалыс орнына жол тартыңыз. Егер сіздегі күйзеліс жұмыстан жалыққаннан емес, шаршағаннан болса демалыстан кейін жағымсыз әсердің бәрі артта қалады. Ал егер демалыстан кейін де жұмысқа зауқыңыз болмай, ештеңе қызықтырмайтын болса онда басқа тәсіл іздегеніңіз дұрыс.

Сонда тығырықтан шығуға не көмектесуі мүмкін? Барлығы сіздің жұмысқа деген ықыласыңыздың өзгеруіне не себеп болғанына байланысты.

 1.     Кәсібіңіздің жалықтыруы  

 Бұған дейін сізге маңызды, қызықты көрінген дүниелер қазір өз мәнін жоғалтқан. Не істеу керек? Өзіңіз атқаратын шаруалар шеңберін кеңейтіп, жұмыс тәртібіне біраз өзгерістер енгізіңіз. Басшымен сөйлесіп, өзіңізге бұрынғыдан күрделірек, көбірек жұмыс беруді сұраңыз немесе артық жұмысты өз еркіңізбен-ақ тындыра беріңіз. Уақытты пайдалы әрі қызықты өткізудің амалы жетерлік. Айталық, білім жетілдіретін курстарға барыңыз, қосымша кәсіп меңгеріңіз, тренингтерге қатысыңыз. Қандай кезде де басшылық ізденімпаз маманнан қол үзіп қалғысы келмейді.  Бұдан кейін де жағдай өзгермесе, амал жоқ, жұмысты ауыстыруға тура келеді.

 Кәсіби біліктіліктің жалықтыруы кез келген жанның басынан өтеді. Әсіресе, шығармашылық адамдары, көпшілікпен жұмыс істейтін мамандар бұл мәселемен жиі бетпе-бет келеді.

 2. Кәсіпке көңіл толмаушылық

 Күндердің күнінде сіз өзіңізге мүлде жат, табиғатыңызбен сәйкес келмейтін кәсіппен айналысып жүргеніңізді байқайсыз. Мұндайда не істеген дұрыс? Әрине, бұлай өкінбес үшін сізге мамандық таңдаған кезде жақсылап ойланып, асығыстық жасамау керек еді. Ал, енді 16-17 жыл өтіп кеткеннен кейін ойланудың мәні бар ма? Десек те, қанша уақыт өтсе де өзгерістен қорықпаңыз. Жасыңыз орта жастан асса, әрине, кәсіпті өзгерту аса қолайлы бола қоймайды. Бірақ басшы жалақыны да төмендетіп, қызметте де көтермелеуді ұмыт қалдырса, шамаңыз келетін, өзіңіз қызығатын басқа жұмыстарды ақырындап меңгере бастағаныңыз дұрыс.

 Шегінетін несі бар? Сіздің жұмыс тәжірибеңіз мол. Бұл ­­– ең басты артықшылығыңыз. Сондай-ақ, көптен бері өзіңіз хоббиге айналдырып жүрген ісіңізді де кәсіп етіп, табыс табуыңызға болады. Кейде осы қызығатын ісіңізге біршама уақыт бөлудің өзі өміріңізді мәнді ете түседі. Ал енді жас болсаңыз әңгіме бөлек. Күш-қуатыңыз бойыңызда, сізге артқа шегінудің реті жоқ. Өзіңізді барлық кәсіпте сынап көріңіз. Көңіліңіздегіні тапсаңыз ісіңіз де өнімді болмақ. 

Р.S. Жалпы, бір орында отырып қалмай, 5-6 жыл сайын  жұмыс өзгертіп отыру тоқырап қалудан сақтайды. Әрі жаңа жұмыстың жаңа өзгеріс, үміт сыйлары анық. 

(Ғаламтор материалдары негізінде әзірленді)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ықылас #табыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика