AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековке ескерткіш орнатылды

Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековке ескерткіш орнатылды

Әлеумет 11.12.2021, 12:17 1,562
Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековке ескерткіш орнатылды
Cурет: Шымкент әкімдігі

Мүсін қаланың Орталық саябағына орнатылды


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің композициялық мүсінінің ашылу салтанаты және «Дара» атты фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы, қоғам қайраткерінің ұрпақтары мен ғалымдар, тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.



Композициялық мүсіннің қала орталығында бой көтеруіне ықпал еткен қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.



«Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт руханиятын көтерудегі орны айрықша. Ғалым-этнограф мәдениет министрлігінде жауапты қызмет атқарған жылдары елімізде 400-ге жуық археологиялық нысан қалпына келтірілгенін жақсы білеміз. Тарихымызды танып, руханиятымызды білуге үлкен өзгерістер жасалды. Бұл Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт қайраткері, отаншыл азамат ретіндегі тұлғасын көрсетеді. Мемлекетіміздің маңызды тарихи белесі - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылған бұл ескерткіш бүгінгі ұрпақтың ұлт азаматына көрсеткен зор құрметі деп білемін», - деді қала әкімі.



Шымкент қаласының Орталық саябағына орнатылған шағын сәулет мүсіні Ө.Жәнібековтің 90 жылдық мерейтойына арналып отыр. Ондағы мақсат - ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын, өмір салтымызды заманға сай одан әрі байытуда, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз арқылы жаңа ұрпақ тәрбиелеуде Ө.Жәнібековтің биік тұлғасын дәріптеу.


Сондай-ақ Шымкент қаласының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында» қоғам қайраткерінің өмір жолын баяндайтын «Дара» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Фильмде қайраткердің өмірлік позициясы, ұлттық идеологияның негізін қалаудағы ой-пікір ұстанымы, қазақтың өмір-салты мен болмыс-бітімі, дүниетанымын түбегейлі зерттеп, қайта жаңғырту жолындағы ізденістері, т.б., көптеген еңбектері сараланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекәлі Жәнібеков #ескерткіш #шымкент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады

Кеше 21:42

Президенттің атына көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Кеше 21:16

Қаражат атаулы әрі ашық түрде бөлінеді: Маңғыстауда қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қалай көмек көрсетіледі

Кеше 18:40

Каспий қасіретінен қаза тапқандарға көмек көрсету үшін шот ашылды

Кеше 18:30

Кінәлілер жауаптан жалтармайды – Қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы жағдай туралы мәлімдеме жасады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);