AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шымкентте 300 орындық жатақхана салынады

Шымкентте 300 орындық жатақхана салынады

Әлеумет 04.12.2024, 11:34 785 Bakyt
Шымкентте 300 орындық жатақхана салынады
primeminister.kz
 

Заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару есебінен: Шымкенттегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілеріне арналған 300 орындық жатақхана салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Осы орайда Үкімет Шымкент қаласындағы «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешеніне 300 орындық жатақхана салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Жаңа ғимарат заманауи талаптарға толық сай етіп жобаланған. Жатақханада ұлдар мен қыздарға арналған жеке блоктар, медициналық бөлім, кең асхана, ойын бөлмелері және басқа да қажетті нысандар қарастырылған.

Қазіргі уақытта «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжінде» 363 бала білім алып жатыр. Алайда жатақханадағы орын тапшылығы салдарынан оқу ғимаратындағы кейбір кабинеттер уақытша жатын бөлмелер ретінде пайдаланылып отыр. 120 орынға арналған жатақхана талаптарды толық қамтамасыз ете алмайды, бұл себепті 67 бала үйде оқуға мәжбүр.

Жаңа жатақхананың салынуы балалардың білім алуына және жайлы өмір сүруіне жағдай жасап қана қоймай, орын тапшылығын да толықтай шешеді.

Заңсыз шығарылған активтер есебінен елімізде басқа да әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Олардың қатарында:

  • Ақмола облысы Зеренді ауылында спорт кешенін салу;
  • Түркістан облысы Темірлан ауылында музыка мектебін ашу;
  • Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені;
  • Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы;
  • Алматыда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған жаттығу орталығы;
  • Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша;
  • Атырау облысы Жамансор ауылында мектеп салу;
  • Риддер қаласында көпбейінді аурухана кешенін аяқтау.

Әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымкент #актив #жатақхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);