AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шымкент жастары – стенд және оқ атудан ел көшбасын...

Шымкент жастары – стенд және оқ атудан ел көшбасында!

Спорт 31.07.2025, 20:09 706
Шымкент жастары – стенд және оқ атудан ел көшбасында!
aqshamnews.kz

2025 жылғы шілде айында өткен VI Спорттық Жастар ойындары Шымкент қаласының жас спортшылары үшін үлкен жетістіктермен есте қалды. Шымкент қаласының жинақтама құрамасы стенд ату мен оқ ату бойынша өткен жарыстарда қарсыластарынан оқ бойы озып, қос бірдей сайыста командалық есепте I-орынға ие болды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz 

2025 жылғы 21-27 шілде аралығында Астана қаласындағы "Target" ату кешенінде өткен VI Спорттық Жастар ойындары мен ҚР Кубогының III кезеңінде еліміздің 8 өңірінен келген 150-ден астам спортшы бақ сынады. Қатысушылардың шеберлігі мен дайындық деңгейі жоғары болғанына қарамастан, Шымкент қаласының командасы 13 медаль (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) иеленіп, үздік нәтиже көрсетті.

Екінші орынды Астана қаласының спортшылары 8 медальмен (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) еншілесе, үшінші орынды Алматы қаласының командасы 9 медальмен (2 алтын, 3 күміс, 4 қола) қанағат тұтты.

Сарапшылардың пікірінше, стенд атудан Шымкент спортшыларының айқын басымдық көрсетуі – өңірдегі спорттық инфрақұрылым мен жаттықтырушылар құрамының жоғары деңгейінің нәтижесі.

Бұған дейін, 2025 жылғы 18–25 шілде аралығында Алматы облысында орналасқан РГКП «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы базасында оқ ату бойынша VI Спорттық Жастар ойындары өтті. Бұл жарыс та еліміздің спорт тарихында айрықша орын алды. Елдің 10 өңірінен келген 140 спортшы қатысқан сайыс рекордтық көрсеткіштермен ерекшеленді.

Командалық есеп бойынша Шымкент қаласының спортшылары 38 медаль (25 алтын, 6 күміс, 7 қола) иеленіп, тағы да көш бастады. Бұл – өзге өңірлерден әлдеқайда жоғары нәтиже.

Алматы қаласы II-орынды 30 медальмен (5 алтын, 17 күміс, 8 қола) иеленсе, Павлодар облысының командасы 5 медаль (2 алтын, 3 қола) алып, III-орынға табан тіреді.

Шымкент қаласының оқ пен стенд атудан қатарынан екі жарыста да көш бастауы – бұл кездейсоқтық емес. Бұл – жүйелі жұмыс пен білікті мамандардың, сонымен қатар жастардың жанкешті еңбегінің жемісі. Бүгінде Шымкент қаласы еліміздің спорттық картасында көшбасшы орталықтардың бірі ретінде танылып келеді.

Спорт саласындағы сарапшылардың айтуынша, Шымкент қаласындағы олимпиадалық дайындық орталықтары, жаттығу базалары мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі – басқа өңірлерге үлгі бола алады.

2025 жылғы VI Спорттық Жастар ойындары Шымкент қаласының спорт саласындағы табысты бағытын тағы бір мәрте дәлелдеді. Стенд және оқ атудан көрсетілген жоғары нәтиже – болашақ Олимпиада жүлдегерлерін тәрбиелеудегі маңызды қадам. Шымкент спортшыларының жеңісі – тек өңірдің емес, бүкіл елдің мерейі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шымкент қаласы #стенд ату #ҚР Кубогы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрлігінде «DIGITAL NAURYZ 2026» IT-бағдарламасының қорытындылары шығарылды

Бүгін 11:03

Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы әшкереленді

Бүгін 10:30

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін 10:08

Академия президенті «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

Бүгін 10:00

Алматыдағы “Парасат” әлеуметтік орталығында этно-кабинет ашылды

Бүгін 09:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика