AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Шымбұлақта шеберлік сағаттары мен жәрмеңкесі бар E...

Шымбұлақта шеберлік сағаттары мен жәрмеңкесі бар ECODAY өтеді

Барлығы 18.07.2025, 12:40 641
Шымбұлақта шеберлік сағаттары мен жәрмеңкесі бар ECODAY өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Осы сенбі, 19 шілде күні тау шаңғы курорты "Шымбұлақ" Алматы тұрғындары мен қонақтарын ECO DAY — тұрақты даму жолындағы үлкен шаралар легінің бастамасы болатын экологиялық бастамалар күніне шақырады.

Іс-шараның басты мақсаты тауды қоқыстан тазарту ғана емес, әрбір азаматтың табиғатты қорғауға қалай үлес қоса алатынын көрсету.

Таңғы жалпықалалық сенбіліктен кейін "Шымбұлақ" базалық станциясынан қаза тапқан альпинистер мемориалына дейін қатысушыларды мазмұнды бағдарлама күтеді: жергілікті брендтердің экологиялық өнімдер жәрмеңкесі, пластикті сұрыптау мен қайта өңдеу бойынша түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Recycle Birge ұйымы қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қандай қалдықтарды іс жүзінде қайта өңдеуге болатынын үйретеді, ал HelloEco бір реттік заттарды күнделікті өмірде көп реттік баламаларға қалай ауыстыруға болатыны жөнінде тәжірибесін бөліседі. Жәрмеңкеде "нөл қалдық" қағидатына негізделген дүкен өнімдері, қайта өңделген шыныдан жасалған бұйымдар, Іле Алатауының өсімдіктерінен жасалған ботаникалық паннолар, отандық экологиялық тұрмыстық өнімдер және өзге де тауарлар ұсынылады.

"EcoDay аясында біз тек қайта өңдеу мен саналы тұтыну туралы айтып қана қоймаймыз, оны өз қолымызбен қалай жүзеге асыруға болатынын іс жүзінде көрсетеміз. Қатысушылар белсенді атсалысып, сұрақ қойып, ой бөліседі. Дәл осындай қадамдар адамдарды тұрақты өмір салтына жетелейді", — дейді Recycle Birge қозғалысының тең құрылтайшысы Пәкизат Сайлаубекова.

Сол күні жиналған пластик пен өзге де қайта өңделетін қалдықтар Recycle Birge ұйымына жөнелтіледі. Ал қыста сол қалдықтан жасалған тау шаңғысы мен сноубордқа арналған тіреуіштер жұрт назарына ұсынылып, тұйық циклдің нақты үлгісі көрсетіледі.

Игі бастаманың серіктестері: Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі, "Медеу" өңірлік табиғи паркі КММ, Алматы альпинизм федерациясы, WildNature Volunteers еріктілері, Recycle Birge және HelloEco экологиялық қауымдастықтары. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен өтеді.

Қатысушыларды жинау "Медеу" базалық станциясында сағат 8:30-да басталады.

Қосымша ақпарат: Назерке Рзашова, PR-менеджер — +7 706 420 9516

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шымбұлақ #эко
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика