«Шымбұлақ» туралы қызықты 10 дерек

«Шымбұлақ» туралы қызықты 10 дерек Сурет: Gov.kz

Ел аузындағы Шымбұлақ аталып жүрген тау-шаңғы орталығының «Шыңбұлақ» екенін білесіз бе? Алатаудың Талғар асуының бөктеріндегі халықаралық кешен 1954 жылдан қысқы спортпен айналысатындардың сүйікті орнына айналған. Бұл - Қазақстандағы ең үлкен туристік орталық. Осы жерді жергілікті жұрт неліктен  «Шыңбұлақ» деп атаған? 

Таудан бастау алатын бұлақты «Шыңбұлақ» деп атаған. Ежелгі тарихтан сыр шертетін бұл жер тек кейінгі жүз жылдың көлемінде ғана шетелдіктердің дыбыс үндестігіне қарай «Шымбұлақ» аталып кеткен.

2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында инфрақұрылымды жақсарту, туристік маршруттарды жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ауқымды өзгерістер жоспарланған. Бұл шаралар өңірдің туристік тартымдылығын арттырумен қатар, жергілікті халық үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. 

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына соңғы үш жылдағы келушілер статистикасы

2024 жылы курортқа 1,5 миллион турист келген, олардың саны жазғы және қысқы маусымда бірдей деуге болады.

Сурет: Egemen.kz

2023 жылмен салыстырғанда 13% өсім байқалды, ал соңғы үш жыл ішінде келушілер саны 39%-ға артты.

Курорттағы келушілер саны маусымға байланысты:

                 Адам көп жиналған күндері: 8 000 – 12 000 адам (оның ішінде жаяу жүргіншілер мен шаңғышылар).

                 Маусымаралық демалыс күндері: 5 000 – 6 000 адам.

                 Келушілер аз келетін маусымда: 4 000 адам.

                 Курорттың өткізу қабілеті: күніне -  6 000 адам.

Курортқа жазғы және қысқы маусымда бірдей көлемде турист келеді. Жыл сайын курортта шаңғы мен сноуборд тебетін 350 000 адам демалады.

Халықаралық және республикалық жарыстар мен іс-шаралар:

Қысқы маусымда Шымбұлақта спорттық және мәдени іс-шаралар өтеді:

                 4–11 қаңтар – FIS жасөспірімдер арасындағы шаңғы акробатикасы мен могулдан Әлем чемпионаты өтті.

                 19 қаңтар – Халықаралық Snow Day балаларға арналған тегін жарыстар ұйымдастырылды.

                 28 ақпан – 2 наурыз – FIS фристайлдан әлем кубогының кезеңдері өтеді.

                 13–18 наурыз – Shymbulak Freeride Week Qualifier, фрирайдтан халықаралық жарыс.

                 1–7 сәуір – Gorilla Winter Jungle – спорт пен музыканы біріктіретін дәстүрлі фестиваль.

«Шымбұлақ» туралы 10 қызықты дерек:

         1.      2022-2023 маусымында курорт Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде енді (3200 м, Талғар асуы).

         2.      Шымбұлақта жылына 300 күн күн ашық тұрады.

         3.      Gorilla Chimba Park – Орталық Азиядағы ең биік сноупарк (3200 м).

         4.      Алматы қаласының орталығынан «Шымбұлаққа» 1 сағатта ғана жетуге болады.

         5.      Tenir – әлемдегі ең биік қонақүйлердің бірі, ski-in форматында жұмыс істейді.

         6.      Курорт әлемдік деңгейдегі спортшыларды қабылдайды.

         7.      Богданович мұздығы, Аяқ және Тиль шыңдары жаяу жетуге болатын жерде орналасқан (4000 м).

        8.      1995 жылдан бері шаңғы инструкторларының мектебі жұмыс істейді, 100-ден астам сертификатталған нұсқаушы бар.

         9.      Курорттың қызметтері туралы арнайы подкасттар сериясы түсірілген.

         10.    Демалыс орны халықаралық серіктестіктермен жұмыс істейді:

                 Еуразиялық тау курорттары альянсының бастамашысы.

       MONA Yong Pyong (Оңтүстік Корея), Роза Хутор (Ресей), Шахдаг (Әзірбайжан) курорттарымен ынтымақтастық.

                 Түркі елдерінің тау курорттары одағын құруға атсалысты.

Инфрақұрылым және даму жоспары

2024 жылғы жаңа мүмкіндіктер:

                 «Профессор» трассасындағы көтергіш – орта деңгейлі шаңғышыларға арналған.

                 «Белый Мишка» трассасындағы қар қарулары – жасанды қармен жабдықталып, ертерек ашылады.

                 Le Mont мейрамхана-қонақүйі – 2850 м биіктікте панорамалық көріністермен.

                 Shymbulak Medeu Camp глэмпингі – қысқы демалысқа арналған ерекше орын.

                 Жаңа дәретханалар – 3200 м, орта және «Медеу» базалық станциясында жаңартылды.

                 Жарықтандыруды жаңарту – түнгі шаңғы тебуге ыңғайлы етілді.

Шымбұлақ – халықаралық деңгейдегі спорттық және туристік орталық ретінде дамуын жалғастырып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:07

16:03

15:52

15:42

15:34

15:16

14:57

14:42

14:24

14:04

12:53

12:36

12:20

12:19

12:15

12:15

12:12

12:03

12:02

11:58

11:41

11:34

11:24

11:24

11:09