AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шымбұлақ шипажайының аумағын полицейлер шаңғымен б...

Шымбұлақ шипажайының аумағын полицейлер шаңғымен бақылап жүр

Спорт 24.11.2022, 03:35 1,358 Almaty-akshamy
Шымбұлақ шипажайының аумағын полицейлер шаңғымен бақылап жүр
Сурет: Ашық дереккөз

Тәртіп сақшылары халықаралық FIS ережесінің сақталуын қадағалайды


Арнайы дайындықтан өткен полицейлер «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Олар асынып жүретін үйреншікті әскери қаруларының орнына, шаңғы алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахмановтың айтуынша, аталған жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.



«Бізде көрінбейтін майдан жауынгерлері бар. Десек те, биыл қаладан шипажай аумағын шаңғымен жүріп бақылайтын полиция қызметкерлерін сұрадық. Өтінішіміз қанағаттандырылды. Келесі дүйсенбіден бастап 10 полиция қызметкерін шаңғы тебуге үйрету үшін оқу процесін бастаймыз», - дейді спикер.



Сондай-ақ ол курортта шаңғы патрульдері де жұмыс істейтінін айтты. Биыл олардың саны 16 адамға артты.



«Олардың төртеуі шаңғы тебудің қауіпсіздігін бақылап, полициямен бірге өзара жұмыс істейді», - деп қосты ол.



Сонымен қатар, спикер демалыс орнындағы қауіпсіздік мәселесі тау шаңғысы курорттарының қызметін реттейтін заңның жоқтығынан туындап отырғанын тілге тиек етті.


Оның айтуынша, шаңғы патрульдері немесе курорт қызметкерлері ережені бұзу туралы ескерткендері үшін клиенттерден жиі зардап шегеді.


Ринат Әбдірахманов тәртіп сақшылары халықаралық FIS ережесінің сақталуын қадағалайтынын түсіндірді.



«Демалыс күндері бес полиция қызметкері мен екі курорт мамандары, ал жұмыс күндері екі полиция мен екі курорт қызметкері кезекшілікте болады. Тәртіп сақшылары Police деген жазуы бар арнайы кеудеше киеді»,- деді ол.



Жалпы, «Шымбұлақ» директорының айтуынша, шипажайға келушілер саны жыл сайын артып келеді және өткен маусымда ол абсолютті рекордқа жетті – 1 млн астам адам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымбұлақ #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Кеше 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Кеше 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Кеше 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Кеше 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);