AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Shymbulak-та" қысқы маусым ашылды

"Shymbulak-та" қысқы маусым ашылды

Барлығы 09.12.2025, 14:05 651
"Shymbulak-та" қысқы маусым ашылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматыда қысқы туристік маусым басталды. Қала жыл бой туристік орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді, ал таулы аймақтарға қызығушылық жазда да, қыста да тұрақты түрде жоғары. 2025 жылы қаңтар-қараша айларында Іле-Алатау ұлттық саябағына 901 мың адам, ал қаңтар-қазан аралығында Shymbulak курортына 1,1 млн турист келген. 2025 жылдың жазында Shymbulak 450 мыңнан астам қонақты қабылдады. Бұл таудағы демалысқа деген сұраныстың жыл бойына жоғары екенін көрсетеді. 

Қысқы кезеңдегі басты туристік нысан дәстүрлі түрде – 6 желтоқсанда маусымды ресми түрде ашқан Shymbulak тау-шаңғы курорты. Курорт Орталық Азиядағы жетекші бағыттардың бірі саналады. Өткен маусымда мұнда 1,5 млн адам келді, ал халықаралық басылымдар Shymbulak-ты әлемдегі ең үздік 5 тау шаңғысы бағыттарының қатарына енгізді.

Жаңа маусымда Shymbulak туристік белсенділік аясын кеңейтеді. Le Mont алаңында әр сенбі сайын күндізгі après-ski өтеді. Қазірдің өзінде Талғар, Жасыл Алаң, Ақ Аю және Ақбарсық трассалары ашық. Қосымша беткейлер мен Талғар асуынан түнгі сырғанау алаңдары ауа райы тұрақты суытқан сәттен бастап іске қосылады.

2025 жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келді, ал жыл соңына қарай олардың саны 750 мың адамға дейін артпақ. Осы жағдайды ескере отырып Shymbulak қонақтарды қабылдауға толық дайын: бес ай бойы шаңғы маусымы, мазмұнды іс-шаралар бағдарламасы және таудағы демалысқа ыңғайлы инфрақұрылым ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымбұлақ #қысқы маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасының жеңімпазы болды

Бүгін 12:50

Алматы құрамасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін 12:22

Алматыда жастарды қолдауға арналған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Бүгін 11:54

Терезені жаппаған ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

Бүгін 11:03

Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан эксклюзив фоторепортаж

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика