Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Шығыс Явада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылд...

Шығыс Явада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Хабарлама 01.09.2022, 13:00 1,277
Шығыс Явада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Сурет: Gov.kz

Қазақстандық-индонезиялық бизнес-форум 


Индонезияның Сурабая қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы салтанатты жағдайда ашылды, содан кейін қазақстандық-индонезиялық бизнес-форум өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Құрметті консулы болып Сурабая қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары, ақпараттық технологиялар, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірқатар компаниялардың басшысы Абдул Ғофур тағайындалды.
Қазақстан Елшісі Данияр Сарекенов Шығыс Явада консулдық ашуға түрткі болған алғышарттар қатарында Индонезияның жалпы ішкі өнімнің 15%-ын құрайтын өлкенің жоғары экономикалық белсенділігін, Шығыс Ява кәсіпкерлерінің қазақстандық әріптестермен өзара іс-қимыл жасауға қызығушылықтарын, сондай-ақ инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтасу перспективаларын атап өтті. Құрметті консулдық қазақстандық және шығыс явалық іскерлік топтарды байланыстыратын буынға айналады деп күтілуде.
Шығыс Ява өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адик Путранто Индонезияның Сауда-өнеркәсіп палатасы басшыларының бірін Қазақстанның құрметті консулы етіп тағайындау қазақстандық кәсіпкерлермен практикалық өзара іс-қимылды ілгерілетуде үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Ол Құрметті консулдықтың ашылуы сауда айналымын арттыруға, инвестициялар мен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Сурабая қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Али Аффанди мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ақеркін Ералиева қатысқан бизнес-форум шеңберінде екі қалада бизнес жүргізудің перспективті бағыттары туралы таныстырылымдар жасалды.
40 миллионнан астам халқы бар Шығыс Ява өлкесінде Индонезияның негізгі өнеркәсіптік кластері, соның ішінде тоқыма, аяқкиім, жиһаз, химия, металлургия, фармацевтика өндірістері шоғырланған. Сурабая – ірілігі жағынан Джакартадан кейінгі екінші қала, экономикалық орталық және елдің порты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #индонезия #консулдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика