AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы музейінде альпинизм тарихына арналған көрме...

Алматы музейінде альпинизм тарихына арналған көрме ашылды

Мәдени Алматы Бүгін 15:15 53
Алматы музейінде альпинизм тарихына арналған көрме ашылды
Алматы әкімдігі

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы музейінде 28 қазанда «Аспанмен астасқан шыңдар» атты көрме ашылды. Экспозиция Алматыдағы альпинизмнің тарихына арналған. Көрмеге архив құжаттары, фотосуреттер, танымал альпинистердің жеке заттары мен тау шыңдарына көтерілгенде пайдаланылған құрал-жабдықтар қойылған. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының өкілдері айтты.

Көрме Алматы қаласы әкімдігінің, қалалық Музейлер бірлестігі мен Алматы альпинистерін даярлау орталығының қолдауымен, Қазақстанның тау гидтері мен көшбасшылары ұлттық қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырылды.

Экспозицияда альпинизмнің 1930 жылдардан бүгінге дейінгі тарихы қамтылған. Келушілер тау спорт түрінің қалыптасуы, кеңестік кезеңдегі альпинистердің жетістіктері, Қазақстандағы алғашқы әйел альпинистер және қазіргі кездегі тау шыңдарына өрлеу тәжірибесі туралы біле алады.

«Бұл көрме Алматыдағы альпинизмнің қалыптасуы мен даму тарихымен таныстырып қана қоймай, осы саланың өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.

Көрменің ашылуына Эверест шыңын бағындырған алғашқы қазақстандықтардың бірі Қазбек Уәлиев, альпинизмнен әлемнің екі дүркін чемпионы Леонид Крупа, «Жеті шың» бағдарламасын орындап, Эверестке көтерілген алғашқы қазақ қызы Анар Борашева және альпинизм қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қазбек Уәлиев көрмеге қойылған тарихи фотосуреттерге ерекше тоқталды.

«Қазақстандағы альпинизм тарихының тамыры тереңде жатыр. Алматы альпинистері отандық тау спортының дамуына зор үлес қосты. Экспозиция маған өте ұнады. Әсіресе, тарихи фотосуреттер назарымды аударды», – деді ол.

Көрме Қабанбай батыр көшесі, 132 мекенжайында бір ай бойы жұмыс істейді. Оны сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін тамашалауға болады. Дүйсенбі – санитарлық күн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:05

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 15:55

Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат

Бүгін 15:50

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға дейін артады

Бүгін 15:45

Құрылтай делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты

Бүгін 15:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);