AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылықтарға инсульт алғанда не істеу керектігін...

Алматылықтарға инсульт алғанда не істеу керектігін айтты

Медицина 29.10.2026, 13:30 291
Алматылықтарға инсульт алғанда не істеу керектігін айтты
РСК Алматы

Алматыда барлық сегіз ауданды қамтитын бес инсульт орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олар осы заманғы диагностикалық және операциялық жабдықпен қамтамасыз етілген. Қалада инсультті емдеудің замандық әдісі, соның ішінде тромболизис пен тромбты механикалық жолмен алып тастау да бар. Мұнда пациенттерге тәулік бойы неврологтар, реаниматологтар, нейрохирургтер мен басқа да мамандар көмек көрсетеді. Инсультті қалай тануға болатыны, Алматыда пациенттерге қандай медициналық көмек көрсетілетіні және ауру қаупін қалай азайтуға болатыны туралы дәрігерлер Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

2025 жылы қаладағы инсульт орталықтарында 4757 пациент емделген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 200 адамға көп.

«Ишемиялық инсульт кезінде, егер пациент ауруханаға терапиялық терезе кезеңінде жеткізіліп, тиісті көрсетілім болса, алғашқы 4,5 сағат ішінде тромболизис жүргізілуі мүмкін. Бұл — тромбты ерітуге арналған ем. Ірі қан тамыры бітелгенде, жекелеген жағдайда тромбты механикалық жолмен алып тастайтын операция жасалады. Қан құйылу кезінде дәрі-дәрмекпен емдейді, қажет болса нейрохирургиялық операция жүргізіледі», — деп түсіндірді Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың инсульт бөлімшесінің дәрігер-неврологы Ақжол Әріпхан.

Дәрігерлердің айтуынша, инсульт егде жастағы адамдарда ғана болмайды. Әлемдік дерек бойынша, жаңадан тіркелген науқастардың шамамен 15%-ы 15 пен 49 жас аралығындағы адамдар, пациенттердің жартысынан астамы 70 жасқа толмағандар екен.

«Инсульт қаупін артериялық қан қысымының жоғары болуы, қант диабеті, холестерин деңгейінің жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы, темекі шегу, артық салмақ пен қозғалыстың аздығы арттырады», — деді Алматыдағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инсультологы, №7 қалалық клиникалық аурухананың инсульт бөлімшесінің меңгерушісі Жанна Дүйсембаева.

Инсульттің негізгі белгісі — беттің кенеттен қисаюы, дененің бір жағындағы қол мен аяқтың әлсіреуі немесе ұюы, сөйлеудің бұзылуы, көру қабілетінің нашарлауы мен тепе-теңдікті жоғалту.

Дәрігерлер FAST ережесін есте сақтауға кеңес береді. Егер адамның беті қисайып, бір қолы әлсіреп, сөйлеуден қалса, дереу 103 нөміріне қоңырау шалу қажет. Белгінің қашан басталғанын есте сақтап, медицина қызметкерінің нұсқауынсыз пациентке өз бетінше дәрі-дәрмек, тамақ пен су беруге болмайды. Белгісі өздігінен басылып қалса да, міндетті түрде медициналық көмекке жүгінген жөн.

40 жастан кейін қан қысымын үнемі өлшеп, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеріп, жүрек ырғағын бақылап отыру керек. Қан қысымы бірнеше рет 140/90 мм сын. бағ. және одан жоғары болса, дәрігерге қаралыңыз. Ал қысым 180/120-ға жетсе, шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет.

Қазақстанда 40 пен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер жүрек-қан тамыры ауруы мен қант диабетін ерте анықтау үшін екі жылда бір рет скринингтен өтеді. Сондай-ақ 50 мен 76 жас аралығындағы ер адамдарға ми қан айналымы бұзылысының қаупін анықтауға арналған тексеру жүргізіледі. 2026 жылдың басынан бері 50 жастан асқан 82 мыңнан астам ер адам осындай тексеруден өткен. Олардың шамамен бес мыңында немесе 6%-ында бас пен мойын тамырының тарылғаны анықталыпты.

«Алдын алу қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін үнемі бақылаудан басталады. Темекі шегуден бас тартып, дұрыс тамақтанып, тұзды шектеп, көп қимылдап, жүрек пен қан тамыры ауруын уақытында емдеу керек. Мұның бәрі алғашқы және қайталама инсульт қаупін азайтуға сеп болады», — деді Жанна Дүйсембаева.

Инсульттен кейін оңалтуды уақытында бастап, дәрігердің тағайындауын орындап отыру керек.

«Жиі кездесетін қателіктің бірі — пациенттің жағдайы жақсарған кезде тағайындалған дәріні ішуді тоқтатуы. Бұл қайталама инсульт қаупін арттырады. Оңалтуды дер кезінде бастау мен психологиялық қолдау көрсету де аса қажет», — деді Ақжол Әріпхан.

Дәрігерлер инсульт кезінде әр минуттың маңызды екенін еске салады. Пациент мамандандырылған орталыққа неғұрлым тез жеткізілсе, оның өмірін сақтап қалу мен аурудың салдарын азайту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болмақшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды

Бүгін 22:00

Түркістан облысында 50 мың бас малға арналған Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

Бүгін 20:30

Қаладан ауылға дейін: 270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін 19:39

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін 19:36

Халық Кеңесінің Экологиялық комиссиясының отырысында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);