AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шығын көлемі - 313 миллион теңге

Шығын көлемі - 313 миллион теңге

Оқиға 12.04.2023, 09:30 1,103
Шығын көлемі - 313 миллион теңге
Сурет: Ашық дереккөз

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына 313 миллион теңге шығын келген


Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайға шабуыл ұйымдастырды деп күдікке іліккендерге қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленуші тарап ретінде әуежай өкілі келген шығынын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.



"313 млн 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді. Компьютерлер бүлінді. Арнайы тексеретін құрылғылар істен шықты. Ол күндері ұшу тоқтады. Біз айтып отырған шығын - жоғалтқан пайдамыз емес. Ол - бұзылған жабдықтар. Әуежай ішіндегі құрал-жабдықтардың талайы жарамсыз боп қалды. Сондай-ақ, күдіктілер аумақтағы бірнеше көлікке мінген. Қызметкерлердің рациясы ұрланған", - деді Алматы халықаралық әуежайының өкілі Альберт Жазыбаев.



Бұл іске қатысты 5 азаматқа: Әйгерім Тілеужановаға, Қалас Нұрпейісовке, Нұрлан Далыбаевқа, Ермұхамет Шилібаевқа, Жанайдар Карменовке айып тағылған. Бесеуі де әуежайды басып алып, жұмысын тоқтатуға әрекеттенді деген күдікке ілікті.


Тергеу мәліметінше, олар стратегиялық нысанға арнайы барып, жұртты жанына жинаған. Тіпті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жасағы мінген ұшақты қондырмас үшін электр қуатын өшіруге талпынғаны туралы прокурордың айыптау актінде жазылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #әуежай #шығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күніне орай «Ән Алматы» мерекелік концерті өтті

Бүгін 11:55

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Дональд Трамп Тоқаевқа құттықтау хат жолдады

Бүгін 11:14

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Бүгін 11:02

Президент Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Бүгін 09:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Бүгін 08:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);