AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шілденің ортасында күн 43 градусқа дейін ысиды

Шілденің ортасында күн 43 градусқа дейін ысиды

Әлеумет 01.07.2024, 20:20 838 yakiya
Шілденің ортасында күн 43 градусқа дейін ысиды
tram-pampam.ru

Аптап ыстық болады.

Қазгидрометтің мәліметінше, шілденің алғашқы он күнінде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай ойнайды және қатты жел соғады.

Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде + 10+15°С дейін, күндіз +18+28°С дейін;

Республиканың орталығында түнде +10+18°С дейін, күндіз +22+28°С дейін;

Оңтүстік-шығыста түнде +15+20°С дейін, күндіз +22+30°С дейін;

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде температура түнде +12+17°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +35+43°С-қа жоғарылайды.

«Алғашқы он күннің соңында және екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігіне күн ыстық болады. Айдың екінші және үшінші онкүндігінде шілденің ыстығы сәл басылып, салқын болады, найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады әрі қатты жел және шаңды дауыл соғады», - деп жазылған хабарламада.

Ауа температурасының ауытқуы болжанады:

Еліміздің батысында түнде +15+22°С-тан +19+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +33+38°С-қа дейін;

Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7+17°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +17+27°С-тан +30+37°С-қа дейін;

Оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +35+43°С-қа дейін;

Оңтүстік-шығыста түнде +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін, күндіз +25+36°С-тан +33+40°С-қа дейін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шілде #күн #ыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);