ffin.kz

«Шілде» амалы

«Шілде» амалы novoorsk56.ru

айдың 25-інен басталып, 40 күнге созылады. Болжам бойынша, ай жаңбырлы, салқын болатын сыңайлы


Сонымен, «Қоян» жылы жүріп жатыр. Жылнамаға назар салатын болсақ, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» осы қоян («Көкше қоян») жылына тура келеді. 1867 жылғы қоян жылын қазақтар «жалпақ қоян жұты», 1879 жылғыны «үлкен қоян жұты», 1891 жылғыны «кіші қоян жұты», 1915 жылғыны «тақыр қоян жұты» деп атаған. Тым арыға бармай-ақ, 2011 жыл 28 маусымда секундына 13 метр жылдамдықпен соққан дауылдың салдарынан Алматыда 117 ағаш құлап, тау ішінде 500 мың ағаш опат болды. Әрине, оның бетін ары қылсын. Дегенмен, «Сақтықта қорлық жоқ» деген ғой бабалар.


Биыл «Көкше қоян» жылы. «Көкше қоян» жылы көктем құрғақ, жауын аз, шөп құнарсыз, қыс апатты, өте суық болып келген. Қазақтың жыл санауы бойынша (наурыздан бастап), жаздың алғашқы айы да бітуге тақау. Қазір маусым айының соңғы аптасы жүріп жатыр. Бүгін айдың – 22-сі. Ай жүйесі бойынша, айдың – 4-ші жаңасы. Қазақша есептесек, әлі маусымның – 9-ы. Алғашқы апта енді бітіп жатыр. 


Келе жатқан шілде айы да пайымның болжамынша, селді, желді болайын деп тұр. Кеше көрген жаңа айдың басын ғана көтеріп жатқан үшінші жаңасы бұл жорамалымызды жоққа шығармаса керек.


Ертеректе қазекең шілде айын Зодиак белгісі бойынша, жылдың бесінші айының атауымен – әсет (асад) деп атаған (араб сөзі) екен. Қазақша арыстан дегенді білдіреді. 40 күндік «Шілде» амалы енді екі күннен кейін басталады. Жаздың екінші айында да жауын-шашын аз болмайтын түрі бар. Аспан әлемі түйдек- түйдек бұлыңғыр бұлттан арылмай-ақ қойды...


Осы 40 күндік аптапты бұрынғылар «Ұлы шілде» деп атаған. Шілденің аңызақ, аптап күнін – «шіліңгір» деген. Шілде айында амал көп: Таразы (нарық) жұлдызы туады, таң суыйды, «Суыр» амалы келеді. «Үркердің толғағы» басталады. Қырық күн шілде халық аузында «Суыр» деп те аталады. Сұмырай деген сөз суыр айы деген мағынада. Содан халқымыз «Сұмырай келсе су құриды» дейді. Ол амалдар жөнінде өз кезегінде жазатын боламыз.


Аспан денелерінің білдіруінше, осы аптада жаңбыр жиілеп, күн ептеп салқындайтын сыңайлы. Қалай болғанда да, 40 күн шілде есік қағып тұр. Алдағы аптада, әсіре с е апт аның екінші бөлігінде ыстықтың төмендеуімен бірге нөсерлі жауын, өкпек жел, салқын самал болуы әбден мүмкін. Найзағай ойнап, күн күркіреуі де ғажап емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21