ffin.kz

Шетелге экспортталатын қара металл сынығының көлемі азайды

Шетелге экспортталатын қара металл сынығының көлемі азайды Сурет: Hadron.solutions

Еліміздегі металл қалдықтарының басым бөлігі отандық кәсіпорындарда өңделеді.


Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер соңғы 30 жылда елімізде қанша тонна қара және түсті металл сынығы мен қалдықтары шетелге тасымалданғаны туралы сұрады. Өз кезегінде Тұрар Жолмағамбетов жалпы аталған мерзім бойынша нақты мәліметтерді айта алмайтынын жеткізді.



«Менде дәл қазір нақты соңғы 30 жыл бойынша көрсеткіштер жоқ. Қателеспесем, 2000-шы жылдардағы есеп бойынша жылына 3 млн тоннаға жуық қара металл сынығы елден шығарылатын. Ол жылдары бізде ең басты тұтынушы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болатын. 2008 жылдан бері біраз кәсіпорын пайда болып, металл сынықтары мен қалдықтары ішкі нарықта қайта өңделе басталды. Соңғы жылдары бізде 1 млн тоннаға жуық металл қалдықтары шығарылды. Ал қалған 1,5-1,8 млн тоннасы елімізде өңделіп жатыр», - деді ведомство өкілі.



Бұдан бұрын хабарланғандай, ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды. Тұрар Жолмағамбетов Ресейден дайын металл өнімдері қымбат бағаға импортталып жатқанын айтты.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14