конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Шетелдегі қандастардың шығармаларына «Ұлы дала» ат...

Шетелдегі қандастардың шығармаларына «Ұлы дала» атты байқау жарияланды

Мәдениет 27.02.2023, 05:30 1,101 Almaty-akshamy.kz. 
Шетелдегі қандастардың шығармаларына «Ұлы дала» атты байқау жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

«Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстан Жазушылар одағы және "Фолиант" баспасының бірлескен жобасы - «Ұлы Дала» айдарымен кітаптар сериясын шығаруға арналған халықаралық конкурс жариялайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



«Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстан Жазушылар одағы және Бас демеуші - "Фолиант" баспасы кезінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы кітапханасының «Шетелдегі қазақтар» айдарымен шығарылған кітаптардың сабақтас жалғасы ретінде тағдырдың талайымен әлемнің әр қиырына қоныс аударған қандастардың көші-қон тарихы және алыс-жақын шет елдерді мекен еткен этникалық қазақтардың сан қилы өмір жолы, салт-дәстүрлері, әдебиеті мен мәдениеті, өнері жайында жазылған публицистикалық шығармалар, естелік-эсселер, көркем әдеби туындылар, өлең-жырлар мен ғылыми-зерттеулерді жаңа жинақ ретінде жарыққа шығару мақсатында қандас қаламгерлер, зерттеуші ғалымдар мен журналисттер арасында байқау жариялайды.



Байқаудың басты шарттары:
1.Қазақстанда кітап түрінде жарық көрмеген болуы қажет
2.Бірлескен автррлардың шығармалары
3.Құрастырылған жинақтар
4.Құндылығына қарай басқа тілдерде жазылған шығармалар да болуы мүмкін
Басты талаптар төмендегідей:
- Шығармалар қазақ (кириллица) тілінде жолдануы тиіс. 
- Шетелдерде төте жазуымен, латын әрпімен жарық көрген шығармалар, қазылар алқасының шешімімен үздік деп табылса, жеке жинақ ретінде басылады.
- Баспадан шығатын әр кітап саны - 500 дана. 
- Авторлық дана - 100. 
- Конкурсқа автордың аты-тегі, шыққан тегі туралы қысқаша мәліметті, байланыс телефонын жазып, jpeg форматта фотосы жөнелтілуі тиіс. 
- Шығарманың толық мәтіні Times New Roman, кегль 14, PDF форматта болуы керек.
Авторлар шығарманы конкурсқа жібере отырып, осы жұмысқа авторлық құқықтың берілуіне кепілдік береді. 
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақтың рухани қазынасын байытатын әдеби шығармалар жарық көріп, өскелең ұрпаққа өнегелі мұра болып қалуы тиіс.


Конкурсқа қатысу туралы өтінім мен әдеби шығармалар 2023 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, «Отандастар қоры» КеАҚ, info@oq.gov. электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шығарма #қандастар #Ұлы дала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);