AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Шетелде құлдықта болған 4 қазақстандық елге қайтар...

Шетелде құлдықта болған 4 қазақстандық елге қайтарылды

Заң мен тəртіп 14.04.2025, 14:05 723 dulatbekova
Шетелде құлдықта болған 4 қазақстандық елге қайтарылды
Сурет: dunyo.info

Қазақстанның 4 азаматы Мьянма елінде құлдықта болған.

Олар Сыртқы істер министрлігінің араласуымен, елге қайтарылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Dunyo басылымның мәліметінше, Өзбекстанның бас консулдығына 2000 жылғы және 1997 жылғы екі азамат хабарласып, өздерінің Мьянмада адам саудасының құрбаны болғанын айтып көмек сұраған.

Өзбекстандық азаматтарға Таиландта жоғары жалақысы бар жұмыс ұсынылған. Азамттар келіскен соң, оларға Өзбекстаннан-Таиландқа ұшаққа тегін билет берілген. Бірақ бұл елге келген соң, олар заңсыз Мьянма еліне жеткізіліп, адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтың қолын түскен. Ол жерде құлдықтағы азаматтарды алаяқтықпен айналысатын колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Бұл жұмысты атқарудан бас тартқандар соққыға ұшырап отырған. Ал олардың құлдықтан босап, үйлеріне оралуы үшін қылмыстық топ қомақты қаражат талап еткен.

Қылмыстық топ Қазақстанның 4 азаматын, Қырғызстанның 8 азаматын, Өзбекстанның 2 азаматын құлдықта ұстап келгені анықталған. Таиландта Қырғызстанның елшілігі болмауы себепті бұл елдің азаматтарының қайтарылуына Қазақстан мен Өзбекстанның консулдықтары көмектескен.

Мьянма мен Таиландтың құзырлы органдарымен келісілген іс-қимылдар мен келіссөздер нәтижесінде Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары босатылып, Маесот (Таиланд) шекаралық өткізу пунктінде Өзбекстан мен Қазақстан дипломаттарына тапсырылды, олар уақытша баспанамен және азық-түлікпен қамтамасыз етілді, – деп хабарлаған Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі.

Ал 11 сәуірде Өзбекстан мен Қазақстанның Таиландтағы дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен Өзбекстанның 2 азаматы, Қазақстанның 4 азаматы және Қырғызстанның 7 азаматы отанына оралған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құлдық #4 қазақстандық #елге қайтару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);