Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелде құжаттардың заңды күші болуы үшін нені біл...

Шетелде құжаттардың заңды күші болуы үшін нені білу керек?

Әлеумет 04.04.2023, 12:44 1,270
Шетелде құжаттардың заңды күші болуы үшін нені білу керек?
mobillegends.net

Шетелде құжаттарды пайдалану үшін олардың түпнұсқалығын уәкілетті органда заңды түрде растау қажет. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Әділет департаментінің өкілдері апостиль қою тәртібіне кеңінен тоқталды, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолтаңбаларының түпнұсқалығын және оның толықтығын растайтын арнайы мөртабан, сондай-ақ осы құжатты қағаз түрінде немесе электронды түрде бекітетін мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын растайды.



«Құжаттардың шетелде заңды күші болуы үшін оларды апостильмен бекіту қажет. Бір ел берген ресми құжаттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және оны басқа елдің аумағында қабылдау үшін іскерлік құжаттаманы, азаматтардың жеке құжаттарын, нотариустар куәландырған көшірмелер мен аудармаларды ресімдеу үшін Апостиль штампы керек», - деді Алматы қаласы Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің  жетекші маманы Ботагөз Қарабекова.



Апостиль құжаттарды заңдастыру процесін жеңілдетеді және Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында әрекет етеді. Осы Конвенция қолданысқа енгізілгенге дейін жүргізілген ресми құжаттарды заңдастыруды жояды және оны апостиль қоюдың ресми рәсімімен ауыстырады.


Апостиль кем дегенде 9 см болатын шаршы пішінді болады  және  ол үлгіге сәйкес келуі керек. Конвенцияға сәйкес, апостиль құжаттың өзіне немесе құжатқа бекітілген жеке параққа қойылады.



«Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарына Қазақстан Республикасының әділет органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан келетін ресми құжаттарға апостиль қою құқығы берілген. Сонымен бірге 1961 жылғы 05 қазандағы «Шетелдік мемлекеттік құжаттарды заңдастыруға қойылатын талаптарды жою туралы» конвенцияға сәйкес коммерциялық немесе кедендік операцияларға тікелей қатысты құжаттарға апостиль қойылмайды», - деп түсіндірді Алматы қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Мұқажан Мұхамед.



Апостиль жасағаны үшін 0,5 ай мөлшерінде мемлекеттік АЕК салығы алынады. Қазіргі уақытта бұл сома 1725 теңгені құрайды.


Сондай-ақ, 2021 жылы осы мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу үшін Е-апостиль пилоттық жобасы енгізілді. Қазіргі уақытта E-APP АҚШ, Гонконг және Қазақстанды қоса алғанда, апостиль туралы Гаага Конвенциясының 50 елден көп ел пайдаланылады. 


Бұл қызмет ресми құжаттарға апостиль мөрін беру үдерісін айтарлықтай жылдамдатады және әлемнің кез келген нүктесінен электронды апостиль қойылған құжаттарды онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.


«Е-Апостиль» қызметі келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- үйден шықпай және қағаз құжаттарды ұсынбай апостиль қою қызметін алу.


- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін оңтайландыру.


- электрондық тізілімді ресімдеу рәсімін жүргізу.


Бұл ретте уәкілетті органдар мынадай факторлар анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарта алады:
- Тіркелген құжаттардың толық емес факстігін анықтау;
- апостиль қоюға жататын құжаттардың болмауы немесе құжаттардың ұсынылмауы;
- Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтініш пен бекітілген, ұсынылған құжаттардың Ковенция талаптарына сәйкес келмеуі;
- қолтаңба үлгілері мен мөр бедерінің құжатпен сәйкес келмеуі.


Апостиль қызметін келесі мемлекеттік органдар көрсетеді:
- ҚР Әділет министрлігі
-  ҚР Білім және ғылым министрлігі
- ҚР Ішкі істер министрлігі
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті
- ҚР Жоғарғы судьясы жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
- ҚР Қаржы министрлігі
- ҚР Бас прокуратурасы
- ҚР Қорғаныс министрлігі
- ҚР ҰҚК

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #азаматтар #қжаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17

Онкологиялық қызметті жаңғырту: қалада Құзырет орталығы іске қосылды

Бүгін 16:36

Ауызашар: сауап, бәсеке, бизнес...

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі