Шетелде "Халық әртісі" атағын алған қазақ әншілері

  • 16:05, 23 шілде 2025
Шетелде "Халық әртісі" атағын алған қазақ әншілері Аqshamnews.kz

Қазақстан мәдениетінің көкжиегін кеңейтіп, ел абыройын асқақтатып жүрген өнер иелері әлемдік сахнада лайық бағасын алып жүр. Аqshamnews.kz шетелден марапат пен атақ алған танымал қазақстандық тұлғаларға шолу жасады. 

Димаш Құдайберген

Кеше ғана отандасымыз, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының "Халық әртісі" атағын иеленді. Бұл туралы 22 шілдеде "Мейкин Азия" фестивалінің жабылу салтанатында айтылды. Тиісті жарлыққа Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қол қойды. Сыйлықты Мемлекеттік хатшы Марат Иманқұлов табыс етті.

Роза Рымбаева

Былтыр сәуірде Роза Қуанышқызы Рымбаева "Қырғыз Республикасының халық әртісі" атанды.

19 сәуірде Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау ғасырларға ұласқан достықтың, ортақ мәдениеттің, дамып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі екенін атап өтті. 

"1996 жылы маған Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді. 28 жылдан кейін "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағын алып отырмын. Бұл мен үшін үлкен жетістік", - деген еді ол.

Алтынбек Қоразбаев 

"Қырғыз Республикасының Халық әртісі" құрметті атағы қазақстандық белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевқа да табыс етілді. 

1973 жылдан Жамбыл облыстық "Алатау" эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын "Қара кемпір", "Қара шал", "Шашбаулым", "Сырғалым", "Аяулы Таразым", "Ата", "Сағындым атамды" әндерінің авторы.

Жеңісбек Пиязов 

Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кеше Өзбекстан Республикасы Президентінің бір топ өнер, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік атақтармен марапаттау туралы Жарлығы шықты. Солардың арасында этникалық қазақ, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов "Өзбекстан халық әртісі" атағын алды.

Рэпер Imanbek 

2021 жылы Иманбек Зейкенов (Imanbek) рэпер Saint JHN-тің Roses композициясына жасаған ремиксі үшін Grammy сыйлығын жеңіп алған еді. 

Grammy - Америкалық дыбыс жазу академиясының премиясы, АҚШ дыбыс жазу қауымдастығымен 14 наурызда 1958 жылы құрылған болатын. Бүгінгі күні музыка индустриясында ең абыройлы марапат және кино индустриясында тек "Оскармен" теңеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:21

16:52

16:41

16:35

16:19

16:05

15:14

15:03

13:21

13:11

13:09

13:05

12:57

12:54

12:41

12:40

12:26

12:09

11:54

11:40

11:26

11:15

10:54

10:43

10:26