AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Алматы 07.05.2026, 16:36 206 Дина
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

7 мамыр – шекара қызметінің сапына алынған жас шекарашылар үшін мәңгі есте қалатын күн. Себебі, дәл бүгін, Отан қорғаушылар күні Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Техниканы және қару-жарақты жөндеу басқармасында 100 сарбаз Отанына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған рәсімге Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева, басқарманың басшылық құрамы, Шекара қызметінің ардагерлері, ант қабылдаған сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты.

Отан алдындағы борышын ел шебінде өтеуді таңдаған Фархат Берікұлы ант қабылдағаннан кейінгі әсерін бөлісті.

«Биыл сәуір айында Ақтөбе облысынан осы басқармаға шақыртылдым. Бүгін біз үшін ерекше күн, аздап толқып тұрмын. Өйткені, әскери ант – екі-ақ сөзден тұрса да, мәні терең ұғым. Оның үстіне, дәл Отан қорғаушылар күні Отан алдында ант бергеніме өте қуаныштымын. Антты әр адам үлкен жауапкершілікпен қабылдауы керек. Өзімнің бөлімшем жайлы айта кетсем, бізде тәртіп пен жауапкершілік әрдайым бірінші орында тұрады», – деді шекарашы.

«Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі ардагерлер кеңесінің мүшесі, отставкадағы полковник Ерлан Серкебаев та жас сарбаздарға қолдау білдіру үшін арнайы келген.

«Әскери ант – ер азаматтың өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Антты адам өмірінде бір-ақ рет қабылдайды. Ол – ұзақ жыл архивте сақталатын тарихи құжат. Біз 40 жылға жуық әскери қызметте болдық, егемендік алғаннан кейін Қазақстан Қарулы күштерінің құрылуына үлесімізді қостық. Жас сарбаздарымыз антына берік болып, елге адал қызмет етеді деп сенемін. Отан қорғау жолында аман-есен қызметтерін атқарып, туған жерлеріне абыроймен оралсын», – деп батасын берді ардагер.

Жас шекарашылардың ант қабылдау рәсіміне еліміздің әр түкпірінен арнайы келген ата-аналар да қобалжып жүр. Олар үшін баласының әскери борышын абыроймен өтегені маңызды.

Баласының ант бергеніне куә болған Жамбыл облысы Жуалы ауданынан келген Сейтжаппар Бүйенбаев бұл күні әрбір ата-ана үшін толықынысқа толы екенін айтты.

«Әскери бөлімдегі сержанттық және офицерлік құрамға құрметім шексіз. Ал ата-аналарға айтарым, балаларымызды балабақшаға әкеліп отырған жоқпыз. Олар енді өзіне жауап бере алатын, Отан алдындағы жауапкершілікті сезінетін жаста. Бүгін әскери ант қабылдау арқылы елге адал қызмет етуге серт беріп отыр. Ең бастысы – абырой», – деді ата-ана.

Гүлжанат Сембаева

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);