Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шекарадан өту тәртібі өзгерді

Шекарадан өту тәртібі өзгерді

Әлеумет 11.02.2022, 05:56 1,475
Шекарадан өту тәртібі өзгерді
Сурет: Іnform.kz

Азаматтар құрлықтағы шекарадан өткізу бекеттерін 15 күнде бір рет кесіп өте алатын болды.


Қазақстанда карантин шектеулері кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Нақтырақ айтсақ, азаматтар құрлықтағы шекарадан өткізу бекеттерін 15 күнде бір рет кесіп өте алатын болды.


Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпараты бойынша, енді қазақстандықтарға құрлықтағы шекарадан өткізу бекеттері арқылы шекарадан 15 тәулікте бір рет құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өтуге рұқсат етілген.


Бұл ереже Қазақстанның мына азаматтарына қолданылмайды:


- елдің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары және балалары);


- шет мемлекеттердің шақыруы және Қазақстан Үкіметінің келісімі бойынша шетелге жіберілетін ҚР ресми делегацияларының мүшелері;


- шет мемлекеттердің аумағында орналасқан ҚР мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары және балалары);


- ҚР үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері;


- пойыз және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді, поездарды қабылдау, тапсыру және оларды алып жүру жөніндегі операцияларға қатысатын адамдар;


- ҚР аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсетуші персонал және шектес мемлекеттер аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсетуші персонал;


- шетелге емделуге шығатындарға денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен кезде (кемінде екі ересек адамның ілесіп жүруімен);


- отбасы мүшелері мен жақын туыстарын жерлеуге бара жатқан азаматтар, сондай-ақ олармен бірге келе жатқан өздерінің жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларын және қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін жерлеу орнына бірге алып жүретін адамдар;


- ауыр науқас отбасы мүшелері мен жақын туыстарынемдеуге апара жатқан адамдар, сондай-ақ олармен бірге жүретін ерлі-зайыптылар мен кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге баратын адамдар;


- еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында шетелге шығатындар;


- мемлекеттік шекарадан өтуге және эвакуациялық рейстерге рұқсат етілген адамдарды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер;


- халықаралық жүк тасымалдарын (бір жүк көлік құралына екі жүргізушіден артық емес), жасалған келісімшарттар шеңберінде Автомобиль және арнайы көлік жеткізуді жүзеге асыратын жүргізушілер мен ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелері-құжаттарды ұсынған кезде;


- экстрадициялау тәртібімен қабылданатын іздеудегі және сотталған ҚР азаматтар;


- теңіз кемелері экипаждарының мүшелері;


- Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кететін немесе иммиграциялық визалары бар азаматтар.


Бұған дейін қазақстандықтарға құрлықтағы өткізу пункттері арқылы шекарадан 30 күнде бір рет өтуге рұқсат етіліп келген болатын.


Айта кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін автоөтпе жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе азайту туралы шешім қабылданған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекара #ереже #Тәртіп #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика