AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шекарадағы кептелісті қолдан жасап отыр

Шекарадағы кептелісті қолдан жасап отыр

Әлеумет 16.03.2023, 12:03 833 Almaty-akshamy.kz. 
Шекарадағы кептелісті қолдан жасап отыр
Сурет: ашық дереккөз

Қытай пандемияға байланысты саясатын өзгертті. Ал шекарадағы кезек әлі сол қалпы.


Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2023-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылаған отырыста осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 



«Инфляция қысымын бәсеңдетудің бір факторы – Қазақстан-Қытай шекарасындағы логистика. Бізге Қытайдан үлкен көлемде тауар келеді. Шекарада неғұрлым кептеліс көп болып, кезек қалыптасып, қиындық туындаса, делдалдар, ақша жинайтындар соғұрлым көбейеді, жемқорлық соғұрлым артады. Ондай «алымдар» елдегі тұтынушының қалтасына салмақ түсіреді. Яғни, шекарадағы ахуалды тазарту арқылы, тосқауылдар мен делдалдарды, қандай да бір жемқорлық схемаларды жоя отырып, бағаның әлдеқайда төмен болуына ықпал етеміз», - деді ол.



Сенат спикерінің айтуынша, кейінгі кезде кәсіпкерлерден шағым жиі түсетін болған.



«Шекарада жүк көліктері өте көп қаңтарылатын болған. Тіпті Қытайдың өзі режимді либералдандырып, жеңілдеткеніне қарамастан, проблема сол күйі қалып отыр. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасын орындайтын уақыт келді. Сенаторлар да бұл іспен белсенді айналысуға дайын. Бұл жерде осыған (шекарада қиындықтар болуына-ред.) мүдделі тұлғалар, жемқорлар аз емес сияқты. Шекарадағы бүкіл процестерді цифрландырып, автоматтандыру керек. Қытайлықтар оған қарсы деп ойламаймын. Олар мұндай бастаманы толықтай қолдайды. Кеден және өзге құрылымдар тарапынан жасанды жолмен қойылып отырған тосқауылдарды алып тастау қажет. Менің ойымша, Қытаймен шекарадағы жағдай - елдегі бағаға тікелей әсер ететін маңызды фаткорлардың бірі. Біз бұл факторды жоя аламыз деп ойлаймын. Ол фактор көп жағдайда қолдан жасалған. Пандемия аяқталуға жақын. Қытай өз саясатын өзгертті. Ал шекарадағы кезек әлі сол қалпы. Бұл, әрине, үлкен сұрақтарды туындатады. Үкімет бұл мәселемен мықтап айналысады деп ойлаймын. Сенат депутаттары да оны бақылауда ұстайды», - деді Сенат төрағасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #шекара #қолдан жасалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);