Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шек беру дәстүрі: шариғатқа сай ма, мәні неде?

Шек беру дәстүрі: шариғатқа сай ма, мәні неде?

Әлеумет 03.06.2025, 10:33 1,722
Шек беру дәстүрі: шариғатқа сай ма, мәні неде?
Сурет: Gov.kz

Құрбан айт – мұсылмандардың ең ұлық діни мейрамдарының бірі. Ол ислам күнтізбесі бойынша Зүлхижжа айының 10-ы күні, қасиетті қажылық ғибадатының аяқталуына орай атап өтіледі. Бұл күн — Алла разылығы үшін құрбан шалу күні.

Биыл Құрбан айт 6 маусымға сәйкес келіп отыр. Қазақстанның кейбір өңірлерінде айттан бір күн бұрын «шек» немесе «шектік» беру дәстүрі сақталған. Бұл күн биыл 5 маусымға тура келеді. Осы дәстүрге қатысты көптің көкейінде «Шек беру – шариғатқа сай ма?» деген сауал туындайды. Мақалада осы сұрақтарға жауап беріп, дәстүрдің түпкі мәніне үңілеміз.

Шек беру деген не?

Шек беру немесе шектік – Құрбан айттың қарсаңында, дәлірек айтсақ, Арафа күні (айтың алдындағы күн - еск.) қайтыс болған адамның атынан құрбандық шалып, етін садақаға беру. Бұл дәстүр елдің әр өңірінде әртүрлі аталады. Мысалы:

         •        Маңғыстау мен Ақтау өңірінде – шектік;

         •        Солтүстік Қазақстанда – шек беру;

         •        Алматы облысында бұл дәстүр онша кең таралмаған.

Шек беру – қайтыс болған адамның үйінде берілетін садақа. Адамдар арасында бұл амалды «қайтыс болған адамның үйінде қазаның шегі болсын, қайғы болмасын» деген ниетпен жасайтындар бар. Дәстүр бойынша бұл амал марқұмның қазасынан кейін үш жылға дейін жалғасады.

Шек беру шариғатқа қайшы ма?

Бұл сұрақтың жауабын ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Елбек Тасболатұлынан алдық.

Жауап: жоқ, шек беру шариғатқа қайшы емес. Бұл амал Құранда немесе хадисте нақты түрде көрсетілмесе де, мұсылман қауымның сауап ниетімен жасаған іс-әрекетінің бірі ретінде қарастырылады. Марқұмның атынан құрбандық шалу, Құран оқып, дұға жасау – Исламда құптарлық амал.

Дегенмен шариғатта айт күнінен бір күн бұрын шалынған құрбандық – нақты Құрбан айт құрбандығына жатпайды, яғни ол – нәпіл садақа ретінде қабылданады. Егер құрбан айт күні шалынса, ол – шариғаттағы нақты құрбандық саналады, әрі марқұмның өзіне сауап болып жазылады.

«Шек» сөзі нені білдіреді?

Дәстүр атауына қатысты екі түрлі болжам айтылады:

         1.      «Шек» сөзі араб тіліндегі «шәк» – күмән, күмәнді күн деген ұғымнан шығуы мүмкін. Қазақша айтқанда шәк келтіруге келеді. 

Бұрында жаңа айдың туғанын анықтау үшін адамдар аспанды көзбен бақылайтын. Егер Зулқаада айының 29-күні бұлт басып, ай көрінбей қалса, келесі күн – күмәнді күн саналатын. Яғни, жаңа ай туды ма, айт басталды ма ол жағы белгісіз болатын. Бұл күні айт болып кетуі мүмкін деген сақтықпен ата-бабаларымыз құрбандықты марқұмдар атынан бір күн бұрын құрбан шалып отырған. Бұл – олардың көрегендігі мен жомарттығының көрінісі.

         2.      Арафа күнінің сауапты болуына байланысты.

Хадисте Арафа күні ұстаған ораза бір өткен және бір келер жылдағы күнәларды кешіреді делінеді. Осы күнгі жасаған әрбір сауапты іс еселеніп қайтады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, марқұмдардың атынан құрбандық шалу арқылы олардың да сауабын арттыру мақсат етіледі.

Қазір бұл дәстүр қажет пе?

Бүгінде астрономиялық есептер арқылы жаңа айдың нақты туғанын алдын ала білуге болады. Айдың тууы күмән туғызбайды, сол себепті шәк күнінің маңызы жойылды деуге болады. Бірақ шек беру дәстүрі – халқымыздың діни сана мен дәстүр сабақтастығын ұштастыра білгенінің көрінісі. Сондықтан шек беруді жалғастыру – ерсі емес, керісінше, ата-баба аманатына құрмет деп қарауға болады.

Шек беру – сауапты амал

Шек беру – дінімізге қайшы емес, дәстүрімізге сай сауапты амал. Дегенмен Құрбан айт құрбандығының шарттарына толық сай болу үшін, марқұмның атынан құрбандықты Құрбан айт күнінің ішінде шалған абзал. Ал айттың алдындағы шек беру – нәпіл садақа болып, сауабы өз орнымен беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шек беру #шектік #ислам #Дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі