Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шегірткеге қарсы күрес шараларына 2,5 мыңнан астам...

Шегірткеге қарсы күрес шараларына 2,5 мыңнан астам адам жұмылдырылды

Әлеумет 13.06.2024, 17:08 841
Шегірткеге қарсы күрес шараларына 2,5 мыңнан астам адам жұмылдырылды
Cурет: Primeminister.kz

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті шаруаларға шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделетін аумақтарды анықтау және өңдеу мәселелері Премьер-Министрдің ерекше бақылауында екенін жеткізді.

Сондай-ақ министр АШМ шегірткелердің егістік жерлерді басып қалуын болдырмау және ауыл шаруашылығы құрылымдарына залалын тигізбеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2024 жылы зиянкес жәндіктердің таралуының табиғи өсімі байқалады. Олардың таралу аумағының артуы 2023 жылы да анықталған болатын. Сол кезде 1,5 млн га аумақ өңделді. Ал биыл шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жоспарланған аумақ – 2,5 млн га, оның ішінде Түркістан облысы бойынша – 271 мың га.

«Биыл 2,5 млн га өңдеу жоспарланған, бұл – соңғы жылдары (2016 жылдан бастап) химиялық өңдеу жүргізілетін ең ауқымды аумақ. 2023 жылдағыдан 1 млн гектарға артық. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, біздегі өңделетін жер Орталық Азияның барлық елі өңдейтін аумақтарды қосқаннан да көп», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров. 

Министр мониторинг пен өңдеу үшін негізгі және қосымша ресурстар тартылғанын атап өтті. 

Атап айтқанда, ел бойынша 2,5 мыңнан астам маман, 427 арнайы техника: 289 жер үсті желдеткіш пен штангалы бүріккіш, 56 аэрозольді газ генераторы, 36 аса жеңіл әуе техникасы, 36 ұшақ жұмылдырылған.

Биыл алғаш рет нақты нысандарды өңдеуге дрондар тартылды, бұл жетуі қиын жерлердегі жұмысты жеңілдетті. 

«Сонымен қатар көршілермен және халықаралық ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Өткен жұмада ғана, 7 маусымда біз FAO алаңында шегірткеге қарсы күрес мәселесі бойынша Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуін өткіздік. Күш-жігерді үйлестіру талқыланды. Ресей тарапымен кеңес өткізілді. Өзбек әріптестермен бірлескен өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #шегірткемен күрес #зиянкестер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Сөз өнеріндегі өлкетану»: Ұлттық кітап күніне арналған апталықтың екінші күні

Бүгін 10:05

«Болашақ» стипендиаттарының айыппұлы артуы мүмкін

Бүгін 09:40

Сарбаздардың әскерде телефон қолдануына қатысты жаңа ережелер енгізілді

Бүгін 09:20

Тоқаев Түркияға барады

Бүгін 09:01

Бүгін қай өңірлерге ауа райына байланысты ескерту жасалды?

Бүгін 08:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика