Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым ажырасуға енесі себеп болғанын айтты. Бұл туралы ол танымал журналист әрі тележүргізуші Руслан Өтепбайға берген сұхбатында бөлісті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Журналистің айтуынша, Гүлайым Рахмонова отбасының кейінгі уақытта бірқатар ауыр сынақты бастан өткергенін айтқан. Еске салсақ, көпбалалы ана жол апатына түсіп, кейін сот шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Гүлайымның сөзінше, отбасындағы келіспеушіліктерге түрткі болған себептердің бірі – енесімен арадағы қарым-қатынас. Оның айтуынша, спортшының анасы келінін толық қабылдай алмаған және ұлының өзге ұлттың қызына үйленбегеніне қынжылған.
Айтуынша, осы жайттар отбасындағы жағдайға кері әсер етіп, онсыз да күрделі кезеңде психологиялық қысымды күшейте түскен. Қазір бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып жатыр.