AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шаттыққа толы шырша мерекесі

Шаттыққа толы шырша мерекесі

Әлеумет 31.12.2024, 15:31 947 Рая Ескендір
Шаттыққа толы шырша мерекесі
Қайрат Қоныспаев

Тау етегіндегі балалардың думанды мекені- Оқушылар Сарайында  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 бала  таңғаджайыпқа толы шырша мерекесінің қонағы болды.   Дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесін биыл Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, "IMEI" халықаралық ақыл-ой білім беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Алдымен балақайларды түрлі ертегі кейіпкерлері қарсы алып, үлкен залға бастады.  Осынау сәтте,  нағыз керемет  басталды!  Оқушылар сарайының салтанат залы  нағыз қуаныш пен  адам сенбес сиқыр әлеміне  айналғандай.  

Ертегі кейіпкерлерінің барлығы осында жиналған. Ортадағы алып шырша маңына жиналған балалар да осынау ғажайыпқа сенер-сенбесін білмей біраз тұрып, қызықты ойынға кірісіп кетті. Өйткені, оларды қызықты интерактивтер, көңілді ойындар,  әдемі би  мен түрлі  сыйлықтар күтіп тұрды. Шырша қонақтарын қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлепбергенқызы құттықтап,  табысқа жетуге шақырды. 

Келесі сәтте балалар  Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалап, түрлі  ертегі кейіпкерлерімен кездесті.  

-Жаңа жыл балалардың ең жақсы көретін мерекесі. Өйткені, бұл мереке шаттық пен қуанышқа толы. Сондықтан балалар оны жыл бойы тосады. Биыл осынау сиқырлы мерекені Оқушылар сарайының ұжымы ұйымдастырып, оған бірнеше серіктесіміз қолдау көрсетіп отыр.  Қайырымдылық танытып,  көмек  көрсеткен серіктестеріміз "IMEI" халықаралық ақыл-ой білім беру орталығына, Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне және Қазақстанның автомобиль тасымалдаушылары мен экспедиторлар Одағына шын жүректен алғысымызды білдіреміз  Осындай жүрегі жомарт жандардың арқасында  бұл күн балалар үшін шын мәнінде ертегі болды. Алдағы 2025 жылы ел Үкіметі  балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларды патронаттық отбасылардың тәрбиелеп алуы үшін  заңды ережелерді жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл әрине, оң қадам болар еді,  -дейді Қоғамдық кеңестің мүшесі, белсенді жас  Рафаэль Гасанов. 

Шырша мерекесінің соңында  серіктестер  әрбір балаға тәтті  торттарды сыйға тартып, Аяз аталар шығарып салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #оқушылар сарайы #Жаңа жыл #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);