AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шахматтан Қазақстан құрамасы Бүкіләлемдік онлайн-о...

Шахматтан Қазақстан құрамасы Бүкіләлемдік онлайн-олимпиададағы жоғары дивизионда көш бастап тұр

Спорт 10.09.2021, 08:29 1,636
Шахматтан Қазақстан құрамасы Бүкіләлемдік онлайн-олимпиададағы жоғары дивизионда көш бастап тұр
Сурет: Inform.kz

Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионын ұтты


Шахматтан Қазақстан құрамасы Бүкіләлемдік онлайн-олимпиададағы жоғары дивизионда көш бастап тұр. Оның үстіне команда қытайлықтарды, ал Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Ифаньды ұтты. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева турнирдегі алты ойынды да жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстанның Қытайға қарсы ойыны онлайн-олимпиаданың төртінші кезеңінде өтті. Онда шахматшылар алты ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, тағы біреуін тең аяқтаған - 3,5-2,5. Әбдімәлік пен Асаубаевадан басқа Рамазан Жалмаханов та жеңіске жетті.


Бірінші кезеңде Қазақстан Грузияны жеңді - 4,5-1,5. Денис Махнев, Динара Сәдуақасова және Асаубаева Жалмахановпен бірге жеңіске жетті.


Екінші кезеңде Қазақстан құрамасы Сәдуақасова мен Асаубаеваның жеңісі арқасында Индонезиядан 3,5-2,5 есебімен басым түсті.


Үшінші кезеңде Румыния жеңілді - 4-2, ал Асаубаева мен Жалмаханов жеңіске жетті.


Бесінші кезеңде қазақстандық шахматшылар Арменияны 3,5-2,5 есебімен жеңді. Жеңімпаз партиялар Ринат Жұмабаев, Әбдімәлік пен Асаубаева активіне жазылды.


Ал, алтыншы кезеңде Қазақстан құрамасы Грекияны жеңді - 5,5-0,5. Жеңіс Рүстем Хуснутдинов, Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Қазыбек Нөгербек және Асаубаеваның есебінде.


Енді Қазақстан онлайн-олимпиадада топ-дивизионда 12 ұпаймен көш бастап, Қытайды екі ұпаймен басып озды. Қазақстандық шахматшылар Иран, Моңғолия және Австралиямен тағы үш ойын өткізеді.


Онлайн-олимпиадада жоғары дивизионның 40 командасы төрт топқа бөлінген, олардың әрқайсысында айналым бойынша турнир өтеді. Әр топтан үздік үштік іріктеу кезеңі, ширек финал, жартылай финал және финалдан тұратын плей-офф кезеңіне өтеді. Шахматтан онлайн әлем олимпиадасы Chess.com ойын алаңында қашықтан өтеді. Ол 15 қыркүйекте аяқталады.


Қазақстан құрамасының негізгі құрамына: Ринат Жұмабаев (халықаралық гроссмейстер), Денис Махнев (халықаралық гроссмейстер), Жансая Әбдімәлік (халықаралық гроссмейстер), Динара Сәдуақасова (Халықаралық әйелдер гроссмейстері), Рамазан Жалмаханов (халықаралық шебер) және Бибісара Асаубаева (халықаралық әйелдер гроссмейстері) кіреді.


Қосалқы ойыншылар: Рүстем Хуснутдинов (халықаралық гроссмейстер), Муртас Қажгалеев (халықаралық гроссмейстер), Гүлісхан Нахбаева (Халықаралық әйелдер гроссмейстері), Гүлмира Даулетова (Халықаралық әйелдер гроссмейстері), Қазыбек Нөгербек (ФИДЕ шебері) және Меруерт Қамалиденова (Халықаралық әйелдер шебері). Команда капитаны - халықаралық гроссмейстер Павел Коцур.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #онлайн-олимпиада #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);