конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шахматтан дүниежүзілік олимпиада өтуде

Шахматтан дүниежүзілік олимпиада өтуде

Спорт 08.09.2021, 12:50 1,545
Шахматтан дүниежүзілік олимпиада өтуде
Сурет: Мedvedkovo-juzhnoe.mos.ru

Бүкіләлемдік шахмат сайысы өтіп жатыр


Мәдениет және спорт министрлігінің дерегінше, 20 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ұйымдастыруымен Chess.com ойын платформасында онлайн форматта дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл ФИДЕ-ге мүше елдер үшін маңызды жарыс. Жарыс екі кезеңнен (дивизион және плей-офф) тұрады. Жалпы, олимпиадада 163 ұлттық құрама сапында 1500-ден астам үздік шахматшы бақ сынап жатыр. 



Әр құрамада капитаннан бөлек, негізгі құрамның алты ойыншысы, одан бөлек қосалқы құрамның алты ойыншысы болады.


Еліміздің құрамасы әлем рейтингіндегі жоғары көрсеткішінің арқасында ТОП дивизонға түсті. Бұл қатарда Үндістан, Қытай, Ресей, Украина, АҚШ құрамасы бар. Қазақстандық шахматшылар олимпиаданы 8 қыркүйекте бастайды.


ТОП дивизиондағы 40 құрама 4 топқа бөлініп, бір-бірімен ойнап шығады. Әр топтағы үздік үштік плей-офқа тікелей жолдама алады. Австралия, Армения, Грекия, Грузия, Индонезия, Иран, Қытай, Моңғолия мен Румыния біздің ұлттық құраманың қарсыласы болады.


Құраманың негізгі құрамы:


1. Ринат Жұмабаев (халықаралық гроссмейстер)


2. Денис Махнев (халықаралық гроссмейстер)


3. Жансая Әбдімәлік (халықаралық гроссмейстер)


4. Динара Сәдуақасова (әйелдер халықаралық гроссмейстері)


20 жасқа дейінгі ерлер арасында – Рамазан Жалмаханов (халықаралық шебер)


20 жасқа дейінгі қыздар арасында – Бибісара Асаубаева (әйелдер халықаралық гроссмейстері)


Қосалқы құрам ойыншылары:


1. Рустам Хуснутдинов (халықаралық гроссмейстер)


2. Мұртас Қажығалиев (халықаралық гроссмейстер)


3. Гүлісхан Нахбаева (әйелдер халықаралық гроссмейстері)


4. Гүлмира Дәулетова (Халықаралық әйелдер гроссмейстері)


20 жасқа дейінгі ерлер арасында – Қазыбек Нөгербек (ФИДЕ шебері)


20 жасқа дейінгі қыздар арасында – Меруерт Камалиденова (Халықаралық әйелдер шебері)


Команда капитаны – халықаралық гроссмейстер Павел Коцур.


Жарыс трансляциясын https://onlineolympiad.fide.com/ сайты мен ФИДЕ-нің Youtube-тағы арнасынан тамашалай аласыздар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #Дүниежүзі #олимпиада #ойын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);