AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Шахмат турнирі Халық қаһарманына арналды

Шахмат турнирі Халық қаһарманына арналды

Спорт 05.02.2024, 04:40 1,396
Шахмат турнирі Халық қаһарманына арналды
Сурет: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілердің балалары арасында шахматтан турнир өтті.


Ұйымдастырушылар жарысты тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің мерейтойына орайластырды. Оған 8-12 жас аралығындағы 15 шахматшы қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Жас спортшыларды институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Медғат Мадрахимов құттықтады. Ол әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің арқасында әскери институтта шахмат турнирін өткізу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, келесі жылы интеллектуалды сайыстың ауқымы кеңейетініне сенім білдірді. Турнир "блиц" форматында өтті. Соған сәйкес, әр ойыншыға шектеулі уақыт берілді. Шахматтың бұл түрі спортшыдан жылдам әрекет ету мен жақсы дайындықты талап етеді. Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынды 8 жастағы Марат Рахымжан жеңіп алды. Екінші орынға Ален Ардақұлы, үшінші орынға Жасұлан Ержан табан тіреді.




- Ойын қызықты, ал қарсыластар мықты болды. Бірақ мен жеңіске жетуді мақсат еттім. Ұйымдастырушыларға турнирге қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын, – деді турнир жеңімпазы Марат Рахымжан.



Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #әскери қызметші #Сағадат Нұрмағамбетов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);