Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шахмат факультатив пән ретінде енгізілмек

Шахмат факультатив пән ретінде енгізілмек

Әлеумет 24.04.2023, 14:41 1,232
Шахмат факультатив пән ретінде енгізілмек
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан мектептерінің оқу бағдарламасына шахмат ойыны факультативті пән ретінде енгізілмек.


Аталған жаңашылдық бүгінде бірнеше өңірде пилоттық жоба ретінде іске асып жатыр. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 



«Біз өткен жылы маусымда «Мектептегі шахмат» жобасын қолға алған болатынбыз. Мемлекет басшысымен шахматты мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізу туралы келістік. Біз 1- 4 сыныптардан бастағымыз келіп отыр, әрине, қиынға соғады. Себебі ол нақты әрі тексерілген дайындықты қажет етеді. Дайындық барысында біз ішкі сарапшылар тобын жұмылдырдық. Сонымен қатар осы күндері шахматтан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында АҚШ, Еуропа елдері, посткеңестік және Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты бірқатар елдердің сарапшыларының қатысуымен халықаралық конференция өткіздік», – деді Дәрмен Сәдуақасов орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жұмысына білім саласының мамандары мен мектеп, жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылды. Олар халықаралық тәжірибені назарға алды.



«Елімізде шахмат ойынын дамыту мақсатында федерацияның алдында тұрған бірқатар қосалқы міндеттер бар. Жалпы, шахматты мектепке енгізу пилоттық жоба ретінде Павлодар облысы, Шымкент қаласы және Түркістан облысында жүзеге асып жатыр. Бүгінде жалпы саны 30-дан астам мектепте енгізілген. 3 жыл бойғы апробация барысында шахматтың балалардың үлгерімі мен қабілетін дамытуда оң нәтижені байқадық. Ол бойынша араптамалық қорытынды жасалды. Барлық ғылыми тәсілдер бойынша шахматтың баланың дамуына оң әсер ететіндігі дәлелденді», – дейді ол.



Мектеп оқушыларына шахмат үйрету орыс және қазақ тілдерінде өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #факультатив #пән
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика