конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Серт беру – жауынгер дәстүрі

Серт беру – жауынгер дәстүрі

Әлеумет 12.11.2024, 15:13 1,123
Серт беру – жауынгер дәстүрі
ҰҚК Шекара қызметі

Өткен аптаның жексенбісінде ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы шекара басқармасында өткен салтанатты рәсім «Күз-2024» шақырылымы сарбаздарының ата-аналарымен сұхбаттасудан басталды.

Қатардағы жауынгер Нұржан Суровтың ата-анасы Исқар ағамыз бен Эльмира апай бүгінгі шараға арнайы қатысу үшін Жамбыл облысы, Қордай ауданының Қызылсай ауылынан келіпті. Олар бізбен жылы амандасып, сұхбат беруге ықылас танытты. Суровтардан білгеніміздей, ұлдары Нұржан әскери қызметке өз еркімен сұраныпты.

— Ата-ананың көңілі балада ғой... Ұлымызды көріп, мауқымызды басу үшін сағынып жеттік. Көзіміздің қарашығы бүгін ант қабылдайын деп жатыр. Бұл да ұлымыздың ер-азамат атанғанының белгісі. Біз үшін осы қуанышын көруден асқан бақыт бар ма? – деді толқыған Исқар Суров.

Осы кезде олардың ту сыртында, алаң бойында сап түзеген 500-ге жуық жас сарбаздың бірі, қатардағы жауынгер Н.Суров та толқып тұр еді.

Салтанатты рәсімді ашқан департамент бастығы полковник Әлібек Каюповтың бұйрығымен алаңға Жауынгерлік Ту жеткізілгеннен кейін «Күз-2024» шақырылымының сарбаздары ант қабылдай бастады. Сарбаздардың «Мен, қатардағы жауынгер ...» деп басталатын дауыстарынан олардың шекараны қорғауға, туған елінің тыныштығы үшін барлық қиындықтарға дайын екендіктері сезіліп тұрды.

Салтанатты рәсімнің негізгі бөлімі басталып, департамент бастығы полковник Ә.Каюпов пен Ұйғыр ауданының әкімі Б.Елеусізова сөз сөйлеп, сарбаздарды ант қабылдауларымен құттықтады. Сарбаздар атынан сөйлеген қатардағы жауынгер Дияс Тілектес те сенімді ақтап, ел шебін күзетуге уәде берді.

Рәсім барысында департамент бастығы полковник Ә.Каюпов «Срочник 2.0» бағдарламасының грантын жеңіп алған «Күз-2023» шақырылымының сарбаздары Расул Артықжанов пен Еділ Тілеубекке сертификаттар табыстап, Отан алдындағы қызметтері үшін алғыс білдірді.

Шара шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының көрініс көрсетуімен жалғасты. Шекарашылар шекара бұзушыларды ұстау әдіс-тәсілдерін көрсетіп, жауынгерлік даярлықтарының жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

«Мен қазақпын» әні. Әуелде Қарулы Күштердің әскери шеруінде орындалған бұл ән бүгінгі күні шекарашы сарбаздардың әнұранына айналғандай. Әнді 500 сарбазбен бірге алаң шетіне жиналған халық та орындады. Әннің құдіреті деген осы шығар, бәлкім.

Салтанатты рәсімнен кейін ата-аналар ұлдарымен қауышып, мәз-мейрам болған.

Иә, халқыңа, оның заңды сайланған Президентіне, өзіңе серт беру – тамыры тереңде жатқан жауынгерлік дәстүр. Осынау айрықша сәтті бастан өткерген сарбаздар сенімге селкеу түсірмейтініне сенім мол.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Күз-2024» #әскер #ант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Кеше 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Кеше 20:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);