«Серпін» бағдарламасы: оңтүстік өңірлерде 10 мыңнан астам оқушы кәсіптік бағдармен қамтылды

«Серпін» бағдарламасы: оңтүстік өңірлерде 10 мыңнан астам оқушы кәсіптік бағдармен қамтылды Сурет: Gov.kz

«Серпін» бағдарламасы: Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі 10 мыңнан астам оқушы кәсіптік бағдар беру жұмысымен қамтылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Kozybayev University Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі 10 000-нан астам оқушыны қамтыған ауқымды кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асырды. Қызылорда және Түркістан облыстарында университет өкілдері Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалалары секілді ірі елді мекендерден бастап шалғай ауылдарға дейінгі 25 елді мекенде болды.

Кездесулер барысында мектептер мен колледждердің бітіруші түлектеріне жоғары оқу орнына түсу ережелері, оқу шарттары, сондай-ақ студенттік жатақханаларда тұру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Айта кету қажет, Kozybayev University-де екі заманауи Студенттер үйінің пайдалануға берілуінің нәтижесінде басқа өңірлерден келген білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету деңгейі 100 пайызды құрайды. Сонымен қатар университет кампусы жаңа оқу-зертханалық корпуспен, заманауи коворкинг-кеңістіктермен және сапалы білім алуға қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Талапкерлер мен олардың ата-аналарына «Серпін» бағдарламасына қатысу, Петропавл қаласына қоныс аудару, орналастыру және бейімделу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша Kozybayev University-де 150-ден астам студент білім алады. 2024 жылы университет базасында барлық мүдделі мемлекеттік органдарды біріктіретін Serpin Qoldau өңірлік жобалық офисі құрылды. Оның қызметі аясында білім алушыларды кәсіби бағыттау, тренингтер, тілдік курстар, психологиялық бейімделу бағдарламалары, сондай-ақ мәдени интеграцияға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. 3-4 курс студенттері дуалды оқытуға жіберіліп, жеке еңбек шартын жасасуға дейін сүйемелдеу жүргізіледі. Түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында университет Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі жұмыс берушілермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Сонымен қатар университет бағдарлама түлектеріне жатақханалардан уақытша тұрғын үй ұсынады.

Оқушылармен өткен кездесулер барысында Аризона университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын қос дипломды білім беру бағдарламаларын таныстыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, басқарудағы ақпараттық жүйелер, биотехнология, инклюзивті білім беру, бизнес және менеджмент бағыттары ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:18

17:57

17:53

17:48

17:44

17:41

17:29

17:15

16:50

16:24

16:15

15:55

15:32

15:23

15:12

15:02

14:51

14:45

14:32

14:20

14:13

13:02

12:59

12:36

12:27