AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана ашылды

Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана ашылды

Мәдениет 01.11.2024, 13:00 1,427 Гүлжанат Сембаева
Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде күрделі жөндеуден өткен ғылыми кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ұлттық білім мен ғылым саласына орасан зор үлес қосқан ғалым, педагог Сералы Қаниевтің атына берілген бұл кітапхана тек білім беру орны ғана емес, заман талабына сай мәдени орталыққа айналмақ.

Ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Сералы Қаниевтің туыстары мен университет ардагерлері қатысты. Алматы әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, бұл кітапхана – тек кітап қоймасы емес, білім мен мәдениеттің ошағы. Оның айтуынша, кітапхана жоғары халықаралық стандарттарға сай жасалған, ал Сералы Қаниевтің есімін иеленуі – университет үшін үлкен мәртебе.

«Бүгінгі студенттерге Сералы ағамыздың жолын ұстанып, білімге адалдық танытуына тілектеспін», – деді әкім.

Министр Саясат Нұрбек те білім мекемелерінде кітапханалардың орны ерекше екендігін атап өтіп, кітап оқу мен жазу мәдениетінің құнды екеніне тоқталды.

«Қазіргі заманда кітапханалар білім алу ғана емес, үлкен әлеуметтік орталыққа айналуы тиіс. Мұндай кітапханалардың болуы оқу мәдениетін арттыруға септігін тигізеді», – деді министр.

Сералы Қаниұлы – еліміздің білім және ғылым саласында танымал тұлға. Ол физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері, КСРО Жоғарғы мектебінің үздігі атанған. 40 жылға жуық қызметінде Сералы Қаниев көптеген студенттерге білім беріп, ғылыми еңбектер жазумен қатар қазақ тіліндегі математика оқулықтарын аударуға және жазуға атсалысты.

Жаңа кітапхана қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған және студенттер, оқытушылар, зерттеушілер үшін кеңінен қолжетімді. Мұнда ғылыми қорлармен жұмыс жасау, зерттеу жүргізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Ашылу рәсімінде ұстаз Сералы Қаниевтің өмірі мен қызметі жайлы бейнефильм көрсетіліп, ардагер ұстаздар оның шәкірттері мен ізбасарларына қалдырған мұрасы туралы естеліктерін бөлісті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана #мәдениет #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);