AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенбілік: Алатау ауданы ажарлана түсті

Сенбілік: Алатау ауданы ажарлана түсті

Әлеумет 16.03.2025, 12:33 913 Досбол Атажан
Сенбілік: Алатау ауданы ажарлана түсті
Самат Құсайынов

Алатау ауданында “Таза Қазақстан” бағдарламасының «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында мәдениет қайраткерлері мен қала тұрғындары тазалық жұмыстарына атсалысты.

Сенбілік Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысындағы саябақта өткізілді. Алатау ауданы әкімдігі Көріктендіру бөлімінің бас маманы Мадияр Абуев іс-шара аясында орындықтар сырланып, саябақ және футбол алаңының аумағы қоқыстан тазаланғанын атап өтті.

- «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өз жалғасын тауып жатыр. Бүгінгі іс-шараға Мәдениет басқармасының, Спорт басқармасының және Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ 3 мердігер мекеме жұмысшылары көмегін беруде. Жалпы тазалық жұмыстарынан бөлек жолға шығып тұрған ағаштардың бұтақтарын кесу жұмыстары да жүргізілуде, - деді ол.

Ал ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова қала тұрғындары арасында тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

- “Таза Қазақстан” науқаны екі жылдай өтіп жатыр. Бұл өте маңызды мәселе. Біз тұрған жерімізге, өтіп жүрген жолымызға жанашырлықпен қарамасақ, Алматыдай керемет қаламыз қалай гүлдейді. Осындай бастамалар арқылы біз өсімізді ғана емес, балаларымызды да тәрбиелейміз. Біздің ішкі мәдениетіміз биік болуы керек, - деді Қарагөз Сүлейменова.

Тазалық жұмыстарына атсалысқан Алатау дәстүрлі өнер театрының әртісі Аяулым Құнанбай қаланың тазалығы әр азаматтың парызы екенін айтты.

- Алатау дәстүрлі өнер театрының ұжымы болып Мөңке би көшесіндегі саябаққа келіп қалдық. Осындай іс-шаралар арқылы біз қаламыздың таза болуына үлес қосамыз. Жүрген жерімізді таза ұстау, оны ластамау - әрбіріміздің парызымыз деп ойлаймын, - деді Аяулым Құнанбай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #тазалық #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);