AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібі кешенін жекешеленді...

Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібі кешенін жекешелендіруге жол бермеуге шақырды

Әлеумет 22.06.2023, 09:51 938 Almaty-akshamy.kz. 
Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібі кешенін жекешелендіруге жол бермеуге шақырды
Сурет: ашық дереккөз

Қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындарды жекешелендіру мемлекет үшін қауіпті салдарға әкелуі мүмкін. Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында осы мәселеге орай пікірін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Депутат тәуелсіздік жылдарында осы маңызды салада бірқатар өзгерістер орын алғанын атап өтті. Қорғаныс өнеркәсібі кешеніне жататын кәсіпорындардың көпшілігі бүгінде жекешеленіп кеткен және жекеменшікте қалып отыр. 



«Қазіргі кезде отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өзегі саналатын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы активтерінің құрылымына 15 кәсіпорын кіріп тұр. Оның ішінде «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес, 4 активті сату көзделіп отыр, соның біреуі «Тыныс» акционерлік қоғамы биыл мамыр айында сатылып кетті», - деді сенатор Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.



Депутат ол сатылғаннан кейін «Қазақстан инжинирингі» қарулы күштерді барынша сұранысы бар қару-жарақпен және әскери техникамен толық қамтамасыз ете алмай қалуы мүмкін екенін айтты, -деп жазды ҚазАқпарат



«Бұл саладағы кәсіпорындарды жекешелендіруден тиісті қауіп бар. Яғни мемлекет жағынан жекеменшік қорғаныс өнеркәсібін қадағалау мүмкіндігінің азаюы, қорғаныс өнеркәсібіне шетелдік инвесторлардың қатысуы болашақта оның қызметін мемлекетке қарсы пайдаланылмайтына кепілдіктің болмауы, соғыс жағдайында қорғаныс өнеркәсібінен айырылып қалу жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл ретте жекешеленген мүлік тістегеннің ауызында, ұстағанның қолында кетпес үшін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді жекешелендіруге жол берілмеуін талап етеміз»,-деді сенатор.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #өнеркәсіп #жекелендіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика