конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенаторлар мүгедек адамдардың өмірін жақсартуға ба...

Сенаторлар мүгедек адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған заң жобасын қарады

Әлеумет 07.06.2022, 11:22 1,274
Сенаторлар мүгедек адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған заң жобасын қарады
Сурет: 24.kz

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді.


Онда мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттың мақсаты мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ біздің еліміз ратификациялаған Конвенциядан халықтың тиісті тобының құқықтары туралы кемсітушілік терминологиясын алып тастау, заңнамадағы олқылықтың орнын толтыру және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасы мәселелерін реттейтін нормаларды сәйкестендіру болып табылады.


Заң қабылданған жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясат жетілдіріле түседі. Заң жобасы сонымен қатар мүгедектікті белгілеу мен экономикалық дербестікті кеңейту үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ оңалту қызметтерін жетілдіруге ықпал етеді.


Заң жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашы болды және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталып отыр.


Заң жобасында мүгедек адамдарды және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарын тасымалдау үшін тұрақты қалалық тасымалға дайындаушы зауыт бейімдеп жасаған автобустарды сатып алу жөніндегі міндетті талапты енгізу, үшінші топтағы мүгедек адамдарды құқықтық және техникалық сипаттағы нотариаттық істерді жасау кезінде жеке нотариустардың қызметіне ақы төлеуден босату және басқа да жаңалықтар бар. Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенаторлар #өмір сапасын жақсарту #мүгедек адамдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35

Білім – болашақтың берік іргетасы: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы даму жолына тың серпін береді

Бүгін 16:29

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Бүгін 16:17

Наурызбай ауданында су басу фактілері тіркелген жоқ, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);