AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенаторлар жеке сот орындаушыларының жұмысына нара...

Сенаторлар жеке сот орындаушыларының жұмысына наразы

Әлеумет 11.11.2021, 05:48 1,256
Сенаторлар жеке сот орындаушыларының жұмысына наразы
BAQ.KZ

Сенаторлар кейбір екінші деңгейдегі банктер жүргізіп отырған саясатқа және жеке сот орындаушыларының жұмысына наразы деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




Бүгін Сенаттың жалпы отырысында осы мәселеге орай депутаттар Премьер-министрге сауал жолдады.


Сенатор Ләззат Сүлеймен атап өткендей, бұл депутаттық сауалды дайындауға жанжал соңы адам өліміне әкеп соққан Алматы қаласындағы тұрғын үйді босатуды талап ету барысындағы қайғылы оқиға себеп болған.


Оның сөзінше, жүргізілген талдау, кепілдік мүлікпен сауда-саттық сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жайлы орта болып отыр.


Бұл банктер мен жеке сот орындаушыларына борышкерлердің жылжымайтын мүлкін төмен бағамен, кейде шектеусіз мөлшерде сатып алуға мүмкіндік береді. Бір адам бірнеше пәтерді сатып алған фактілер де тіркелген. Сонымен қатар, барлық сауда-саттыққа қатысушылар бір-бірімен байланысты болған фактілер де аз болмаған, - деді Ләззат Сүлеймен.

Депутат атағандай, 2021 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін республиканың әкімшілік соттарына 7 мыңнан астам іс қозғалып, оның ішінде жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану бойынша 2 338 талап арыз түскен.


Азаматтардың шағымдары негізінен жеке сот орындаушыларының қолданыстағы заңнама нормаларына, борышкердің мүлкіне тыйым салу кезінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтарын бұзуына, сондай-ақ жеке сот орындаушылары қызметінде транспаренттіліктің болмауына және осы саладағы тиісті мемлекеттік бақылауға байланысты, - дейді ол.

Осыған байланысты депутаттар кредиторлар мен борышкерлердің мүдделерін қорғау үшін сенаторлар заңнаманы жетілдіру жөнінде шара қабылдауды ұсынды.


Азаматтардың жалғыз тұрғын үйін өндіріп алуға тыйым салуды белгілеуді, тиісті НҚА-ға банктердің қарыз алушылардың кепілге салынған мүлкін сату жөніндегі сауда-саттыққа қатысуын болдырмайтын норманы енгізуді, қарыз алушы өзінің қаржылық жағдайын жақсартқанға дейін шарттың талаптарын орындамаған кезде банктік қарыз бойынша мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарауды, банктердің банктік қарыз шартында көзделмеген қарыз алушының мүлкін өндіріп алуына тыйым салуды белгілеуді және жеке сот орындаушыларының қызметін мемлекеттік бақылау, олардың лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны, кәсіби деңгейін арттырғаны үшін жауапкершілігін күшейту, - деп атап өтті ол.

Бұл сауалды сенаторлар Асқар Шәкіров, Владимир Волков және Ләззат Сүлеймен Үкімет басшысына жолдады.




Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/senatorlar-zheke-sot-oryndaushylarynyn-zhumysyna-narazy/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Соторындаушы #сенаторлар #наразы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);