AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенатор жер беруге мораторий жариялауды сұрады

Сенатор жер беруге мораторий жариялауды сұрады

Әлеумет 11.04.2023, 13:28 900
Сенатор жер беруге мораторий жариялауды сұрады
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин Алматының таулы жерлеріндегі заңсыз құрылыс пен алма бақтарының жойылуына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қоғам белсенділері, экологтар, сейсмолог мамандар, заңгерлер және қала тұрғындары күрделі мәселеге назар аударуды талап етіп отыр. Қоршаған ортаға залал келтіріліп жатыр. Осының салдары тұрғындардың өміріне елеулі қауіп төндіреді», - деді Андрей Лукин Премьер-Министр мен Бас прокурордың атына жолдаған депутаттық сауалында.



Оның айтуынша, кейінгі онжылдықта тау және тау етегінің бөлігінде қарқынды құрылыс жүріп жатыр.



«Жеке құрылыс компаниялары кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жариялануын жамылып, жер телімдерінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығы немесе бау-бақша шаруашылығынан жеке тұрғын үй құрылысына ауыстырып, кейін тау етегіне жақын жерлерде көп қабатты тұрғын үй кешендерін салып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл аумақтардағы құрылыстар техногендік сипаттағы жер қабатының көшкініне әкелуі мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеді. Өйткені мұндай аумақтар күрделі құрылысқа жарамайды», - деді сенатор.



Осы орайда ол аталған жерлерді рәсімдеуге қатысты түрлі жарнамалар да жарияланып жатқанын айтты.


Андрей Лукин Үкіметке Алматы қаласының таулы және Алматы облысының Алматыға жақын аудандарының жерлеріне егжей-тегжейлі түгендеу жүргізуді ұсынды.


Оның пайымынша, қолданыстағы заңнамаға аталған жерлерде жеке құрылыс салуға толық тыйым салуды ескеретін өзгерістер енгізу керек. Бұдан бөлек, тиісті нормативтік-құқықтық актіні қабылдағанға дейін жер телімін бөлуге мораторий жариялау қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жер беру #алмабақтары #тау етегі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ЖЭО-2 газға көшіріледі

Бүгін 19:11

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Бүгін 18:32

Тоқаев Нью-Дели қаласына келді

Бүгін 17:55

Аты-жөнін өзгерткенде ЖСН өзгермейді

Бүгін 17:45

Алматыда түнгі уақытта Төле би көшесінің бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);