AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматы тағы да әлемдік БАҚ назарында: Euronews қал...

Алматы тағы да әлемдік БАҚ назарында: Euronews қаланы халықаралық аудиторияға бірнеше тілде таныстырды

Әлем Бүгін 09:36 52
Алматы тағы да әлемдік БАҚ назарында: Euronews қаланы халықаралық аудиторияға бірнеше тілде таныстырды

Еуропаның жетекші ақпарат құралдарының бірі Euronews Алматы туралы туристік материал жариялап, шетелдік аудиторияны қаланың таулы аймақтардағы көрікті жерлерімен, мәдени нысандарымен және ұлттық тағамдарымен таныстырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты.

«Discovering Almaty: Mountain mornings, street art and market flavours» («Алматыны танып-білу: таудағы таң, көше өнері және жергілікті базарлардың дәмі») атты мақала ағылшын, неміс және испан тілдерінде қолжетімді. Материал Yahoo Travel халықаралық туристік платформасында да жарияланған.

Мақалада Euronews саяхатшыларға Алматымен танысуды таудан бастауды ұсынады. Шымбұлаққа ерекше назар аударылған. Мұнда тек шаңғы тебу үшін ғана емес, жылдың кез келген мезгілінде серуендеп, демалуға да болады.

Жарияланымның жеке бөлімі сәулет өнері мен бейнелеу өнеріне арналған. Журналистер ғимараттардағы тарихи мозаикалар, Вознесенск кафедралды шіркеуі және Қазақстанның, Орталық Азия мен басқа да елдердің заманауи өнер туындылары ұсынылған Almaty Museum of Arts музейі туралы баяндаған.

Гастрономия да назардан тыс қалмаған. Оқырмандарға Көк базарға барып, ет, қазы, құрт, қымыз және басқа да дәстүрлі тағамдардан дәм тату ұсынылады.

Материал авторлары Алматының Орталық Азияға саяхат жасаудың бастапқы нүктесі ғана емес, өз алдына жеке туристік бағыт бола алатынын атап өткен. Euronews саяхатты жалғастырмас бұрын қаланы аралап көруге бірнеше күн бөлуді ұсынады.

Халықаралық қызығушылықты статистикалық деректер де растайды: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыға 2,5 миллионға жуық турист келген. Оның 754 мыңы – шетелдік қонақтар. Алдыңғы жылмен салыстырғанда шетелден келетін туристер саны 10%-ға артқан.

Жарияланыммен Euronews ақпарат құралының ресми сайтында танысуға болады: https://www.euronews.com/2026/10/26/discovering-almaty-mountain-mornings-street-art-and-market-flavours⁠.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

Бүгін 09:44

Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

Бүгін 09:42

«ҚазАвтоЖол» мен қазақстандық банктер синдикаты $700 млн дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды

Бүгін 08:15

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев жобалық кеңсенің отырысын өткізді

Кеше 19:45

МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІНІҢ ЕКІ МҰҒАЛІМІНЕ СУ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Кеше 19:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);